Құлжа шарты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:28, 2014 ж. тамыздың 1 кезіндегі Ulan (Талқылауы) істеген түзету

Құлжа Шарты<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref> – Ресей мен Қытай арасындағы сауда келісім-шарты. 1851 жылы 25 шілдеде Құлжада қол қойылған. Ресей империясының қазақ даласындағы 18 ғасыр және 19 ғасырдың 1-жартысында жүргізген отарлық әрекеттеріне байланысты Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы шекаралары жақындай түсті. Ресей шикізат көздері мен тауар өткізу рыногін іздеу мақсатында шеткері аймақтармен қоса Орталық Азия арқылы Қытаймен сауданы дамытуды қолға ала бастады. Цин империясы Шыңжаң халқының Азия халықтарымен дәстүрлі сауда байланыстарына қатаң бақылау орнатып, бұл өлкеге Ресейдің сауда байланыстарын орнатуына тыйым салған еді. Ресейліктер Шыңжаңдағы саудасын Орта Азиялық көпестер мен қазақ би-сұлтандарын делдал ретінде пайдаланып, құпия жағдайда жүргізіп келді. Орыс өкіметі бұл өлкеде ресми түрде сауда байланыстарын орнату үшін Қытаймен 18 ғасырдан бері келіссөздер жүргізуге ұмтылды. Бірақ Қытай Орталық Азиядағы жағдайының қауіпсіздігіне алаңдай отырып, орыс үкіметінің талабына құлақ аспай келді.

  • 1845 жылы Ресей Шәуешек пен Құлжаға, Қашқарға апаратын сауда жолдарын зерттеп қайту мақсатымен Азиялық департаменттің вице-директоры Н.И. Любимовты арнайы сапарға аттандырды. Осы сапардың нәтижесінде Н.И. Любимов керуенді Семейден гөрі Жетісу арқылы жүргізудің әлдеқайда тиімді әрі төте жол екендігін мәлімдеді;
  • 1851 жылы 15 маусымда Е.П. Ковалевский бастаған елшілік қазақ даласы арқылы Құлжаға аттанып, ұзаққа созылған келіссөздерден кейін орыс-қытай сауда байланысы туралы келісімге қол қойды. Осы шарт бойынша, орыстар Құлжа мен Шәуешек қалаларында ғана сауда байланыстарын жүргізуге рұқсат алды, ал Қашғарияны қытайлықтар жабық қала деп санап, сауда жасауға рұқсат бермеді. Құлжа шарты Ресейдің қазақ жеріндегі, әсіресе, Жетісудағы ықпалының одан әрі күшейе түсуіне жол ашты;
  • 1854 жылы Ресей “Қытайға баратын орыс керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету” деген сылтаумен Талғар өз-нің Ілеге құяр тұсында Іле бекінісін;
  • 1854 жылы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің маңында Верный бекінісін салды;
  • 1855 жылы Көксу өзені жағасында, Шыңжаңға қарай асатын тау асуындағы Іле аңғарында Көксу бекінісін салды;

Құлжа шарты орыс-қытай сауда қатынастарының дамуындағы жаңа кезеңді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар, Ресейдің қазақ және қырғыз жерлеріне тереңдей еніп, патша өкіметінің Орталық Азия шептеріндегі ықпалының одан әрі күшеюіне әкелді.

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құлжа шарты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}