Қырымбек Елеуұлы Көшербаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:48, 2017 ж. сәуірдің 7 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Көшербаев Қырымбек Елеуұлы (20 мамыр 1955 жыл, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан) - Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының әкімі (17.01.2013), инженер-құрылысшы, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.

Қырымбек Көшербаев Қазақстанның білім, денсаулық және спорт саласындағы министрліктерді, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын басқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде қызмет етті.

Биографиясы

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында туған. Қырымбек дүниеге келген кезде әкесі Елеу Көшербаев Қырымда жүрген, сол себепті жаңа туған сәбидің есімін Қырымбек деп қойған. Қырымбек Көшербаевтың атасы Көшербай Дәрібаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері атағын алған өңірдегі танымал азаматардың бірі болған. Әкесі Елеу Көшербаев Қызылорда облыстық, аудандық атқару комитеттерінде түрлі қызметтер атқарған. Анасы Мамбеталиева Дәнеш мектеп мұғалімі болған.

Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданында дүниеге келген, Сырдария ауданында өскен. Тереңөзек кентіндегі №35 Калинин атындағы қазақ орта мектебін бітірген (қазір И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей). Мектеп қабырғасынан боксқа қатысып, бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанған.

1978 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді.

1991 жылы КОКП Орталық комитетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын бітірді. Философия ғылымдарының кандидаты (1991 жыл), Саясаттану ғылымдарының докторы (1997).

Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы этносаяси процесті регламентациялау ерекшілігі» («Особенности регламентации этнополитического процесса в Республике Казахстан»).

Бокстан спорт шеберіне үміткер <ref>Кушербаев Крымбек Елеуович (персональная справка)</ref>.

1978 - 1979 жылдары Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы.

1979 - 1981 жылдары Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы.

1981 - 1982 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі.

1982- 1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы.

1983 - 1986 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1986 - 1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1987 - 1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1988 - 1991 жылдары Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты.

1991 жылы Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті.

1991 - 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

1994 - 1995 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

1995 - 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.

1996 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі.

1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі.

1999 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.

Батыс Қазақстан облысы (2000-2003)

2000 - 2003 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі.<ref>[Указ Президента Республики Казахстан от 18 желтоқсан 2000 ж. № 516 О назначении Кушербаева К.Е. акимом Западно-Казахстанской области]</ref>

Ресей Федерациясы (2003-2006)

2003 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Маңғыстау облысы (2006-2011)

2006 жылдан 2011 жылдың желтоқсанына дейін Маңғыстау облысының әкімі.<ref>[Указ Президента Республики Казахстан от 24 қаңтар 2006 ж. № 46 «О назначении Кушербаева К.Е. акимом Мангистауской области»]</ref>

Үлгі:Cquote <ref>Маңғыстау облысының жаңа әкімі - Қырымбек Көшербаев, http://kaz.newsfactory.kz/5642.html</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

2011 жылдың 22 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында және Шетпеде орын алған оқиғалардың шиеленісуіне байланысты өз еркімен қызметтен кететіндігін хабарлады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақтау қаласына барған сапары кезінде К.Е.Көшербаевтың отставкасын қабылдады. Маңғыстау облысының жаңа әкімі ретінде Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды <ref>Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды [1]</ref>.

2012 жылдың 13 шілде күні Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды <ref>Мемлекет басшысының Өкімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды</ref>.

Қазақстан Республикасының Үкіметі (2012)

2012 жылдың 26 қыркүйек күні Президент Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Президент Кеңесшісі қызметінен босатылып <ref>Мемлекет басшысының Өкімдерімен</ref>, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды <ref>Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қ.Е.Көшербаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлығы</ref>.

Қыркүйектің 27 күні ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Премьер-Министр мен оның орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу туралы» № 185-р өкіміне қол қойды. Аталған құжат бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевқа өңірлік саясаттың жедел мәселелері мен экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат мәселелері бекітілді. Сондай-ақ, вице-премьер агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту және басқа да мәселелерге жетекшілік етеді <ref>Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Серік Ахметов «Премьер-Министр мен оның орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу туралы» № 185-р өкіміне қол қойды</ref>.

Қызылорда облысы (2013 - )

2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент Н.Назарбаевтың өкімімен Қырымбек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары қызметінен босатылды<ref>Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды</ref>. 17 қаңтар күні Премьер-Министр Серік Ахметов Қырымбек Көшербаевты Қызылорда облысының әкімі ретінде таныстырды <ref>Кушербаев назначен акимом Кызылординской области</ref>.

Үлгі:Cquote

Марапаттары

Отбасы

Жұбайы - Матаева Гульнар Мустафақызы. Ұлдары: Оңталап (1983), Еркін (1988), қызы Салтанат (1986).

Дереккөздер

<references />

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті