Қызылағаш бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:03, 2014 ж. желтоқсанның 15 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Қызылағаш бөгені - Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш өзені бойында орналасқан. Пайдалануға 1993 жылы берілді.

Сипаты

Су сыйымдылығы 42 млн. м3, ұзындығы 12 км, енді жері бөгеннің жоғарғы бөлігінде 10 км-ге жетеді. Қызылағаш бөгенінде 1996 жылы 1420 га жерге күрделі тегістеу және су жүйелерін қайта жаңғыртып салу жұмыстары жүргізілді.

Шаруашылықтағы маңызы

Қайта жаңғырту нәтижесінде 20 ғасырдың соңында аудандағы суғармалы жердің аумағы 3,3 мың га-ға ұлғайды, 5,1 мың га жердің суландыру жүйелері қайтадан жаңарды, 5,5 мың га жерге күрделі тегістеу жұмыстары жүргізілді. Суды үнемдеу мақсатында 250 км-ден астам канал темір-бетонмен қапталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер