Қуыршақ театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:25, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Teatro dei burattini.jpg
Қуыршақ театры.

Қуыршақ театрықуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.

  • 11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.
  • 19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды.

Ресейде қуыршақ театрының пайда болуы скоморохтар ойынымен тікелей байланысты. Қуыршақ театры Кеңес Одағында да кең қанат жайды.

Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен.

  • 1935 ж. Алматы қаласында қазақтың қуыршақ театры ұйымдастырылды.
  • 1938 ж. театрға республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды. Театр Ташкент (1969) пен Бішкек (1975) қалаларында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының қуыршақ театрлары фестивалінің, Ташкенттегі Халықаралық фестивальдің (1979) лауреаты атанды.
  • 1981 ж. гастрольдік сапармен Въетнамда, Кампучияда болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
  • 2002 ж. Алматыда Қазақстан қуыршақ театрларының 1-фестивалі өтті. Қуыршақ театры, негізінен, балалар аудиториясына арнап спектакльдер қоюмен шұғылданады. Кейбір ұжымдардың қойылымдарында үлкендерге де арналған пьесалар бар.<ref name="source1">“Балалар Энциклопедиясы”, V-том</ref>

Қазақстандағы қуыршақ театрлары

  • «Буратино» (Қарағанды, Лобода к., 10), Балалар сарайының куыршақ театры. 1959 ж. құрылған. 1%5 жылдан қазіргі атымен аталады, 1977 ж. халық театры атағы берілді. Әр жылдары - Андерсеннің «Ақша кар қоролевасы», И. Қолабтың «Жалғанда Фердадан артық ешкім жоқ» деген спектаклі т. б. қойылды. Барлығы 80 қойылым (1980). Жыл сайын 20 мың көрермен кабылдайды. Жүргізуші Буратино рөлін 1978-83 ж. Ю. Мышонков ойнады. Көркемдік жетекшісі 1959-79 ж. Е. И. Савина; В. В. Маленко 1986 жылдан.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер</span>

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}