Қуатбек Молдабекұлы Молдабек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:53, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Қуатбек Молдабекұлы Молдабек (8. 3. 1942 жылы туған, Алматы облысы, Қапал ауданы, Көлтабан ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1979), доцент (1986). Алматы педагогикалық шетел тілдері институтының неміс тілі факультетін бітірген (1966). 1966— 1968 ж. орта мектепте неміс тілінің мұғалімі. 1968-1970 ж. Алматы қаласы А. Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінде неміс тілі пәнінің оқытушысы. 1970-1980 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің, шетел тілдері кафедрасында оқытушы. 1980-1992 ж. филология факультетіндегі қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, доцент. 1992-1996 ж. Алматы технологиялық институты қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, тілдер кафедрасының аға оқытушысы, доценті. ғылыми- зерттеу жұмыстары қазақ тілінің лексикасы, сөзжасамы, тілдер ара қатынасы, қазақ тілін бөгде тіл ретінде оқытып, үйретудің әдістемесімен байланысты.

Шығармалары:

  • Основы калъкообразования в современном казахком языке. АКД., А., 1979;
  • Қазақ тілі//Орыс аудиториясында қазақ тілін оқытуға арналған әдістемелік кұрал. Методика преподавания казахского языка в русской аудитории вуза. А., 1985;
  • Методическая разработка пo вводному курсу казахского языка для студентов первого курса русской аудитории. А., 1987;
  • Освоение русских и интернациональных слов в современном казахском языке. А., 1989;
  • Говорим пo-казахски (учебное пособие для студентов). А., 1992.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}