Қоғалы (тауаралық аңғар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚоғалыАлтынемел жотасы мен Бұрымбай таулары арасындағы тауаралық аңғар.

Географиялық орны

Алматы облысы Кербұлақ ауданының Қоғалы өзенінің бойында. Теңіз биіктігінен шамамен 1100 метр биіктікте.

Геологиясы мен жер бедері

Доғаша иілген аңғар солтүстік-шығыс және оңтүстіктен амфитеатр тәрізді кертпештелген тау етегі төбешіктерімен қоршалған, батысында Быжы өзені аңғарына қарай біртұтас еңіс жазыққа айналады. Аңғарды Қоғалы және Быжы өзендерінің көптеген салалары кесіп өтеді. Палеозой дәуірінің герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Аңғардың төмен жатқан бөліктері саз, саздақ және құмнан тұратын аллювийлік шөгінділермен, ал шеткі төбешіктері төрттік конгломераттармен, гипстелген лесс шөгінділерден тұрады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер