Қошқарата (құмды алқап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:03, 2015 ж. ақпанның 9 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Қошқарата - Доңызтау кемерінің шығысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қосқақ ауылының оңтүстік-шығысында 48 км жерде ораналсқан. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 7 км.

Геологиялық құырылымы

Негізінен палеоген кезеңінің тау жыныстарының үгілуінен қалптасқан.

Жер бедері

Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Құм шетінде Сұлтанқазған, және т.б. артезиан құдықтары 1-25 м тереңдіктен шығады. Солтүстігінде Сарытақыр, оңтүстігінде Мыңжылқы сексеуіл қоныстары, батысында Қарашоқы төбесі, шығысында Қыздаршыққан құмы орналасқан.

Өсімдігі

Құмды, сұр топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өсімдіктер өседі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер