Қорғауыш контейнер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:05, 2011 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Қорғауыш контейнер – радиоактивті заттарды уақытша сақтауға немесе тасымалдауға пайдаланылатын қондырғы; адам өмірі мен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті аспап. Пайдалану мақсатына байланысты Қорғауыш контейнер көліктік (КНК-Т және КТ маркалы), лаботорияда (КЛ), көшпелі (КНК-П), қатты радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған жинағыш-контейнер (КЖ–10–ОС) және сұйық радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған жинағыш-контейнер (КЖО–10) болып бөлінеді. КНК-Т көліктік Қорғауыш контейнері – нейтрон көздерімен геофизикалық зерттеулер жүргізу кезінде жұмысшылардың өмірін қауіпті сәулелерден қорғайды. Оның іші парафинмен толтырылып, жайма болаттан жасалады. Мұндай контейнер секундына 107 нейтрон шығаратын нейтрон көздерімен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді; КТ маркалы көліктік контейнері – ампуладағы немесе флакондағы радиоактивті заттарды тасымалдауға арналған. Қажет болған жағдайда контейнерлерді тасуға арнайы арбалар қолданылады.

Пайдаланған әдебиетттер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • (К. Ахметов)
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қорғауыш контейнер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}