Қорғас ыстық бұлақтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:04, 2011 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Қорғас ыстық бұлақтары, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейіндегі Қорғас өзенінің оң саласы – Арасан өзені шатқалында 1750 м биіктікте орналасқан. Мұнда 10-нан астам қайнар, бұлақ бар. Олардың жалпы су шығымы 4 – 5 л/с. Су хлорлы-сульфатты-натрийлі, радиоактивті (радон 150 – 180 эман), сілтілі (рН – 9). Температурасы 37 – 52ӘС, жалпы минералдар 0,27 – 0,29 г/л. Суда 60 – 70 мг/л кремний қышқылы, күкіртсутек, қорғасын, күміс, молибден қоспалары бар. Қорғас ыстық бұлақтарын химиялық құрамына байланысты Алтайдағы Белокуриха курорт суымен теңестіруге болады.

Пайдаланған әдебиетттер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • (С. Құнанбаев)
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қорғас ыстық бұлақтары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}