Қорғалатын табиғи аумақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:44, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Табиғатты қорғау ісі - бүкіл халық болып жұмыла қолға алуды талап етеді. Оған қажетті алғышарт жоба - өсімдіктер мен жануарларды және олардың мекенжайын сол күйінде сақталған аумақтар қажет. Яғни ұлттық саябақтар, қорықтар, корықшалар, ботаникалық бақтар. Қорықта - табиғи жағдайы (өсімдіктері, жануарлыры, өзен - көл сулары, таулары) толығымен сол қалпында сақталады және қорғалады. Бұл жерде кез келген адам әрекеті - аң аулау, балық аулау, ағаштарды кесу, шөбін шабу, жеміс-жидек, саңырауқұлақ теру,кен байлығын игеру, адамдардың туристік-рекреациялык тұрғыдан дем алуына, серуендеуіне тыйым салынған. Қазіргі кезде дүние жүзінде 3 мыңға жуық корық бар. Ең алғашқы ұлттық саябақ 1872 жылы АҚШ-та ашылды (Йеллоустон). Аумағының үлкендігі жағынан Гренландия ұлттық саябағын атауға болады. Ұлттық саябақтың негізгі жұмысы - табиғатты қорғау, экологиялық тәлім-тәрбие және білім беру. Қорықтан айырмашылығы туризм және демалу жақсы жолға қойылған. Саябақтағы биологиялық түрлердің тепе-теңдігін сақтау мақсатында лицензия арқылы аң атуға рұқсат берілген . XXI ғасырдағы экологиялық проблемалардың шиеленісуі соншалықты, оны бір мемлекет болып шешу мүмкін емес болым отыр. Ядролық қару-жарақ сыналған аймақтарды, жарамсызданып бара жатқан аймақтарды қалпына келтіру, ол жерлерде қалыпты қолайлы жағдайды туғызуға деген қажеттілік туындап отыр. Арал теңізімен қосып есептегенде ТМД елдеріндегі экологиялык апатты аудандардың аумағы Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания елдерінің аумағын қосып есентегеннен де артық.

Табиғи қорықшалар - табиғи ресурстарды корғау максатында ашылған. Соның ішінде ботаникалық қорықшаларда шөпті, ағаштарды шабуға, мал бағуға болмайды. Аң аулауға тек қана белгілі бір кезеңдерде ғана рұқсат беріледі.

Ботаникалық бақтар - отандық және дүниежүзілік өсімдік түрлері егіліп корғалады. Бұл жерде ғылыми, мәдени-ағартушылық және оқып үйрену жұмыстары жүргізіледі.

Дендрологиялық бақтар - дүние жүзінің жоғары сатылы ағаштарының түрлері сақталынады. Бұл жерде де ғылыми-оқу жұмыстары және экскурсия жүргізіледі. Ерекше жағдайларда ормандар, су қоймалары, сулы - бастпақты жерлер,арнайы жер қойналуы - экологиялық, ғылыми-мәдени құндылығы бар болса қорғалуда. Бұл жерлерде адам әрекеттеріне толығымен тыйым салынған. Бұлардан басқа Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар бар. қорғалатын аймақтарда экологиялық талапты бұзбай іс шаралар жүргізуге болады. Мысалы, Каспий теңізінің солтүстік аймағы осындай аймақтарға жатады. Бұл жерлерде балық өсіруге,,су көлігінің жүруіне,геологиялық тұрғыдан жер қойнауының байлығын зерттеуге, игеруге рұқсат етілген. Зоологиялық бақтар - жануарлардың түрлерін көбейтіп, оларды қорғайды.

Дереккөздер

1.Жаратылыстану 5 сынып. Алматы: “Атамұра” баспасы 2010 ISBN 978-601-282-049-2