Қорлан Ихсанқызы Қалиламбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:52, 2014 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Қорлан Ихсанқызы Қалиламбекова 1944 жылы 18 қарашада Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Қалиламбеков Ихсан, оқытушы болған. Анасы - Бектемірова Зинаида Бектемірқызы, акушер-гинеколог болып жұмыс істеген.

Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының «Өлең» факультетін бітірген (1972), опералық және камералықәнші, оқытушы. Профессор (2008 жылдан). Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1972 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының солисі. 1987 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал бойынша оқытушысы. 1999 жылдан бері - Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (қазіргі Қазақ ұлттық өнер университет). 2000 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының вокалдық консультанты (Астана қ.). ҚазКСР Халық әртісі (1982).

«Құрмет» орденімен (2002); «Астананың 10 жылдығы» (2008), Ы. Алтынсарин атындағы (2010) медальдармен марапатталған. Діни көзқарасы - діндар. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, В.В. Путин. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлдену». Хоббиі - сурет өнері, фотография.

Жесір. Жұбайы - Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлы (1932-2009).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub