Қоржынжемісті қоржынгүл
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қоржынжемісті қоржынгүл (лат. Gamanthos gamocarpus)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - алабұталар тұқымдасы, қоржынгүл (қойжелек) туысына жататын бір жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 3-20 см, түбінен бұтақталған.
- Жапырақтары таспа, жартылай цилиндр тәрізді, ұзындығы 1,5-5 см, ені 1-2 мм.
- Аталығының таспа тәрізді тозаңдығы болады.
- Етті әрі тығыз, жемісі жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 2,5-3 мм.
- Мамыр-маусым айларында гүлдейді.
Өсетін орны мен таралуы
Қазақстанда Қызылорда облысында, Бетпақдала, Мойынқұм шөлдерінде, Балқаш-Алакөл ойысында, Қызылқұм шөлінде, Қаратау жотасында кездеседі. Өсетін жері - шөлді аймақтар, тақырлар, тұзды құмдар, егістікте. Түйе мен қойдың күзде және қыста сүйсініп жейтін жайылымдық азығы.
Дереккөздер
<references/>