Қоншақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоншақ, Құншақ, Коншак (1130-1204) – қыпшақ ханы. 12 ғ-дың 2-жартысында Шығыс Қыпшақ тайпаларын біріктіріп, күшті әскери мемлекет құрды. Бұл кезде қыпшақтың Шарукан (Сарыхан) әулетінің хандары Солтүстік Донецк және Дон, Кубань өзендерінің бойындағы, Азов теңізінің жағалауындағы тайпалардың басын қосты. Осы әулеттен шыққан Артық ханның баласы Қоншақ 1174, 1178, 1183 ж. Переяславль жеріне шабуыл жасады. 1183 – 84 ж-дағы жорықта Хорол өзені бойындағы шайқаста Қоншақ әскері сәтсіздікке ұшырады. Қоншақ 1185 ж. орыс жасақтарын Каялы өзені бойында жеңіп, Новгород-Северск және Чернигов князі Игорь Святославичпен бірге басқа да князьдерді тұтқынға алады. Бұл оқиға “Игорь жасағы туралы жыр” эпосына арқау болған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сонау алтыншы ғасырдағы І түркі қағаны Бумын қағанның орнатқан дәстүрін ХІІ ғасырдағы хандар да қатаң сақтап, таққа інісі, не інісінің баласы ие болған. Құншақ та сол ата жолын қуып, ағасы Сыржанның орнына отырды.

Өмір баяны

Артық батыр Гүржістаннан еліне оралған шақта қалыңдық түсіріп, бала сүюге мүмкіндік алады. Солай дүниеге Құншақ келеді. Орыс жырнамаларыда «Құншақ» есімі 1160 жылдан бастап ұшырасады деседі. Сонда Құншақ 1130-1140 жылдардың арасында туған болып есептеледі. Орыс жылнамаларында оның есімі- Кончак деп жазылады. Ал Қазақ жазбаларында - Қоншақ, Құншақ, Қонжық деп жазылып жүр. Алайда тарихқа жақын есімі - Құншақ болып табылды.

Билігі

Құншақтың қай жылы биліктің тізгінін қолына алғаны беймәлім. Ол құба қыпшақ пен қара қыпшақтың басын қосып, ел іргесін бекітіп, тастүйін ұлы күшке айналдыруға тырысты және орыс княздіктеріне тәуелсіз, дербес мемлекет құруға ұмтылды. Қыпшақтардың бұлай күшеюі «орман адамдарына» ұнамады. Олар аңғал да намысшыл дала хандарын бір-біріне айдап, өздерінің мүдделеріне бағындыруды көздеді. Осылайша, атақты қыпшақтың ханы бола білді. Ол көптеген жорықтарға қатысып, «Шолақ», «Шолғын» соғыстарында көш бастады. Кейін уақыт өте келе, орыс княздігі күшейіп, Құншақ хандығы әлсірей бастады. 1187 жылы үш рет, ал 1190-1193 жылдардың арасында үздіксіз шапқыншылыққа ұшыраған қыпшақтар ежелгі қуат-күшінен айырылып қалды. Бірте-бірте бұрынғы атағы өшіп, орыс ықпалына көшті. Сонымен қатар, Құншақтың ұлы Юрий шіркеуге шоқынып, христиан дінін қабылдады. Осылайша, Құншақтың ұрпақтары шоқынып, орыстанып кетті. 1124жылы құба қыпшақтың ханы Бастаймен бірге орыс князьдарына қосылып, Қалқының түбіне моңғолдармен соғыста қыпшақ әскерін басқарып жүріп, майданда үлкен ерлікпен қаза тапты.

Дереккөздер</span>

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қоншақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}