Қойшығара Салғарин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:47, 2017 ж. ақпанның 18 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Қойшығара Салғарин (01.04.1939, Көкалат ауылы, Қостанай облысы) - жазушы. Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң, 1964—1965 жж. «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, 1965 — 1971 жылдары Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, 1971 — 1975 жж. Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. 1975—1990 жж. «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1990—1993 жж. Әдебиет және өнер институтына қызметкер. 1993-1997 жж. ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. ҚХР-да жүріп «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тар-мақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды.<ref>Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

«Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» деген ІІ томдық романдары жарық көрді. «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1996). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Екі рет медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығармалары

  • Ілгешек. Сықақ өлеңдері. А., «Жазушы», 1966;
  • Сол бір күндер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1976;
  • Үбедей. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1978;
  • Соқпақ жолға бастайды. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1980;
  • Тағдырлар тоғысы. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1984.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub