Қойдың жұқпалы мастипі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:54, 2016 ж. қаңтардың 31 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Қойдың жұқпалы мастипі немесе гангреналық мастит - желіннің гангреналық қабынуы мен бүкіл дененің улануы арқылы байқалатын, жіті өтетін жұғымтал ауру.

Тарихи деректер

Қойдың гангреналық мастипі туралы алғашқы деректер 1823 жылы Францияда мәлім болды. 1887 жылы Нокар ауру қоздырушысынын бөліп алады, оны Micrococcus mastitidis gangrenosae деп атайды. Кейінннен бұл ауру қой шаруашылығы дамыған елдердің барлығында кездесетіні анықталды.

Қоздырушысы

Қойдың жұқпалы маститінің, негізгі қоздырушылары Staphylococcus aureus ovinus және Pasteurella haemolytica бактериясының А және Т биотиптері, оларды Bact mastitidis ovis деп те атайды. Мастит кезінде бұл микробтар жеке кездеспейді, олардың ассоциациясында үнемі эшерихиялар, протей, клостридиялар, т.б. ұшырасады. Сонымен, жұқпалы маститтің негізгі қоздырушылары мастит микрококтары мен мастит бактериясы деп есептеледі де, басқа микробтар аурудың асқынуының себепкері ретінде қарастырылады.

Індеттік ерекшеліктері

Жұқпалы маститпен лактациядағы саулық қой ауырады. Суалған қысыр және буаз қойлар ауырмайды. Бірінші туған тұсақтарда жиі байқалады. Ауру қоздағаннан кейін 2-3 аптада соң басылып, сақман аяқталғаннан кейін шегеге жетеді. Ауру енесінен қозыға жұғуы мүмкін. Қозылардың тыныс жолдары зақымданып, ауру пенвномия ретінде өтеді. Ауру алғаш шыққанда қоздырушының бастауы - микроб алып жүретін қойлар пневномиямен ауырған қозылар болады. Микробтың ену жолдары емшектің үрпі, желіннің зақымданған терісі. Қоздырушы ластанған сау саулыққа жұғады. Микроб сыртқы ортаға қойдың сүтімен, қозының танауынан аққан сорамен бөлінеді. Аурудың шығуына сыртқы ортаның қолайсыз факторлары әсер етеді. Қозы кезінде пневномиямен ауырған тұсақ микроб алып жүріп, жағымсыз факторлардың әсерінен ауруы асқынып, жұқпалы маститке ұшырап, індеттің тұтануына себепкер болуы мүмкін.

Өтуі мен симптомдары

Арудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бәр тәулікке дейін. Маститтің үш клиникалық түрі болады: гангренаға ұласатын геморрагиялық, сулы және сулы қатарлы, абсцессаға айналған. Геморрогиялық мастит жіті басталып, гангренаға ұласады. Ауырған саулық қатты күйзеліп, оттамайды, ыстығы көтеріліп, тыныс алуы және тамыр соғысы жиілейді. Мұндай мастит кезінде сауып көргенде сүт болмай, оның орнына су сияқты қызғылт ірімтіктер бар сұйықтық шығады. Гангрена басталғанда экссудат сұрғылт түске ауысып, иісі жағымсыз болады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

Желіннің зақымданған бөлігі шектен тыс ұлғайып кетеді. Әдетте желіннің бір жағы ғана зақыманады. Желіннің зақымданған жағы басып көргенде қап-қатты, терісі тырсиып, қара қошқылданып, көгеріп, тері асты шелі суланып, жалқақтанады. Желінді тіліп қарағанда қызыл-қошқыл түсті, кескен жерінен лайланған сұрғылт жағымсыз иісті қоймалжың сұйық ағады. Сүт тұратын қуыстары үлкейіп, ісініп, түсі қара қошқыл болады. Сүт жолдарының арасындағы ұлпа қалыңдайды. Шектен тыс қан кернеген бөліктері мен ақшыл түсті телімдерінің алма кезек орналасуы, бұл ағзаға аламыш реңді мәрмәр түс береді. Дерт процесі көпке созылған жағдайда сүт безін тіліп қарағанда өліеттенген телімдер мен жаңадан пайда болған дәнекер ұлпалар ұшырасады.

Емі

Ауырған қойларды бөліп алып, күтімін жақсартады. Ең алғаш маситтің белгісі біліне бастағанда ауырған қойға 100000-200000 ӘБ пенициллинді күніне үш рет бұлшық етіне жібереді, аузынан күніне екі рет 1-3г норсульфазол береді. Сонымен қатар, күніне бір рет емшектің үрпінен желіннің зақымданған бөлігіне 50 000-100 000 ӘБ пенициллин немесе стрептомицинді 10 мл физиологиялық ерітіндімен мастицид, мастиан сияқты бактериоцидті эмульсияны жібереді.

Дауалау және күресу шаралары

Саулық отарларын тек қана маститтен сау малдармен ғана толықтырады. Лактациядағы қойларды дұрыс азықтандырып, күтіп, үнемі жалпы денсаулығына, желіндері мен емшектерінің күй-жағдайына ерекше көңіл аударады. Желіні зақымданған саулықтарға уақытылы ем қолданады. Емшектерінде сызат, жарақат болса, дезинфекциялаушы май жағады. Қой қораларында санитариялық реттілікті сақтайды.

Дереккөз

<ref>Т.Сайдуллин. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары</ref>