Қожағұл Байсеркеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожағұл Байсеркеұлы (1800 жылдары) Іле ауданы қазіргі Байсерке станциясында туған) - би. Тегі Ботбай тармағынан шыққан. Сәмен батырдың немересі.

19 ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары Қоқан басқыншыларына қарсы көтеріліп, оңтүстік шығыс Қазақстан жерін азат ету үшін күресіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Бірнеше рет қоқандықтарға жорық ұйымдастырған. 1845 жылы Ресейдің қол астына кіруге өтініш білдірген. Ұлы жүздің ру басылары арасында Ботпай руынан Қожағұл да болған. 1850 жылы жергілікті патша әкімшілігі оның адал қызметі үшін 2-дәрежелі шапан сыйлаған. 1860-62 жылы генерал Колпаковскийдің қаруымен Қоқан бектерінің иелігіндегі Ұзынағаш, Тоқмақ, Пішпек қалаларын азат ету соғысына Қожағұл өз жасақтарымен қатысып, арнаулы марапатқа (25.11.1868) ие болған. 1866 жылы 24 қыркүйекте әскери жорықтағы айырықша ерлігі мен бейбіт өмірдегі адал қызметі үшін оған штабс-капитан шені берілген. 1868 жылы 1 қаңтарда Верный уезі бастығының көмекшілігне тағайындалып, 3-дәрежелі «Әулие Станислав» орденімен және күміс медальмен марапатталады.