Қилыбай Үсенұлы Медеубеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Үлгі:Ғалым Қилыбай Үсенұлы Медеубеков ( Шымкент облысы Ленин ауданы Ленинское селосында 15 мамыр 1929 жылы туған - Алматы қаласында 3 мамыр 2015 жылы қайтыс болған) — ғалым, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1978), профессор (1979), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (1996) және Қазақстанның ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері (1997).

К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды. 1997 жылдан бастап Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығында жұмыс жасады. Медеубековтың академик Ә.Еламановпен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде республикадағы биязы жүнді, жоғары өнімді қой тұқымы — солтүстік қазақ мериносы шығарылды. Ол академик В.А. Больмонттың бастамасымен қолға алынған ағылшынның биязылау кроссбред жүнді қойларын жерсіндіру, сондай-ақ линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер бітімдес қойлардың отандық репродукторларын құру жұмыстарын жалғастырды. Оның негізгі ғылыми ізденістері бағалы қой тұқымдарының гендік қорын сақтауға, жетілдіру және көбейтуге, таза тұқымды австралия мериностарының репродукторын құруға, солтүстік қазақ мериносын асылдандыруға және биязылау жүнді, төлді көп беретін қой тұқымын шығаруға бағытталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1980-1991 жж.), КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақтар Кеңесінің депутаты (1979-1990), Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) вице-президенті, оның Шығыс бөлімшесі төралқасының төрағасы қызметтерін атқарған.<ref>Назарбаев академик Қилыбай Медеубековтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты</ref>

500-ден астам ғылыми еңбек жазған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1974). Октябрь революциясы, “Халықтар достығы” және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Өмір жолы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}