Қағанақсыздар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:13, 2011 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

ҚАҒАНАҚСЫЗДАР, анамниялар (Anamnіa) – ұрығының дамуы кезінде арнайы ұрық қабықтары болмайтын төм. сатыдағы омыртқалы жануарлардың жеке тобы. Қағанақсыздарға дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар және сүйекті балықтар, қосмекенділер жатады. Қағанақсыздарға жататын омыртқалы жануарлардың көпшілік түрлерінің тіршілігі тікелей сулы ортада өтеді. Қағанақсыздардың көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, кейде іштей ұрықтанатын түрлері де кездеседі. Қағанақсыздардың ұрықтанған жұмыртқа клеткалары сулы ортада (кейде ылғалы мол жерлерде) дамиды. Олардың жұмыртқаларында жеткілікті мөлшерде сары уызы болады. Жұмыртқасы біркелкі бөлшектенбей дамиды. Жұмыртқадан сулы ортада тіршілік етуге бейімделген дернәсіл пайда болады. Қағанақсыздардың кейбір түрлерінің (балықтардың) дернәсілдері ересектеріне біршама ұқсас келеді. Ал кейбір түрлерінің (құйрықсыз қосмекенділердің) дернәсілдері күрделі түрленіп барып, ересектеріне айналады. Қағанақсыздардың кей түрлерінде (дөңгелекауыздыларда) үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері болмайды. Ал балықтар мен қосмекенділерде жақ сүйектері жақсы дамыған. Қағанақсыздардың барлық түрі омыртқалы жануарлардың салқынқандылар (пойкилотермиялы) тобына жатады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қағанақсыздар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}