Қашаған Күржіманұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:50, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қашаған Күржіманұлы <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>(1841, Түрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) – ақын. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15 – 16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16 – 17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді- мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.

  • Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады.

Шығармашылығы

Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны»,) дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Қашаған ақын Абыл, Нұрым, Марабай мен мұрат сияқты «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған. Кейбір толғаулары алғаш «Әдебиет майданы» (1935, №5) журналында жарияланған. Өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942), Қ.Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» (1974), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті.XIII-XIX ғ.ғ.» (1981) деген еңбектерінде және «XIXғ. қазақ ақындары» (1988) деген зерттеулер жинағында қарастырылған. Қашаған - І.Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі. Қашаған шығармаларын өз айтуынан естіп, хатқа түсірген – ақынның немере інілері Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсембаев сияқты жыршылар мен Темірғали Күнтуғанов секілді жинаушылар. Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Ақын жырларын насихаттауға атсалысқан - Құмар, Сұраубай сияқты жыршы-ақындар, Шамғұл сияқты жыршы-күйшілер, Сәду, Дүйсенбай, Айтқұл сияқты жыршы-термешілер. Қашаған есімі Қазақстан ғана емес, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріне, Ресейдің бірқатар өңірлеріне де кеңінен таныс.

Өлең-толғаулар жинақтары

  • «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (Алматы, 1967),
  • «Ақберен» (Алматы, 1972),
  • «19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (Алматы, 1985),
  • «Бес ғасыр жырлайды» (Алматы, 1984, 2-т., 1989),
  • «Қашаған Күржіманұлы: Топан» (Алматы, 1991),
  • «Алқаласа әлеумет» (Алматы, 1991),
  • «Жыр-дария» (Ақтау, 1995)
  • «Қайыртпай кеткен қашаған» (Алматы, 2011) жинақтарында жарық көрген.
  • 1991 жылы Маңғыстауда ақынның туғанына 150 жыл толуына арналған той халықтық мереке ретінде атап өтілді. Ақын бейітіне сәулетті күмбез – кесене (бас шебері М.Нұрқабаев) орнатылды.
  • 2009 жылы Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында ақынның жаңа мүсіні орнатылды (бас шебері ).

Ақынның туғанына 170 жыл толуына орай өткізілетін шаралар

2011 жылы Қашаған Күржіманұлының туғанына 170 жыл толады. Осыған орай Маңғыстау облысы мен Қазақстан Республикасының ауқымында арнайы іс-шаралар жоспарланған.

Cілтемелер

Әдебиет тізімі

  • Маңғыстау Энциклопедиясы, 2008 жыл, "Қазақ энциклопедиясы" баспасы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қашаған Күржіманұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}