Қауға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:10, 2011 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Қауға– оқпан мен шурфтарды үңгу, оқпанды тереңдету кезінде қопарылған тау жыныстарын шығару, материалдарды, адамдарды түсіріп, көтеру үшін қолданатын ыдыс. Қатерлі жағдайда оқпанның тарлығына байланысты арнайы көтергіш қондырғының орнына қауғаны пайдаланады. Көтергіш қондырғыға бір немесе екі қауға тіркелуі мүмкін. Көтеріп-түсіру барысында қауға оқпан қабырғаларына соғылмау үшін оған бағыттағыш қондырғы орнатылады. Қауғалар өздігінен аударылмалы және аударылмайтын болып бөлінеді. Қауғаны жүктен босататын арнайы кешенді жабдықтар болады. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}