Қасымқан Қаскенұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:06, 2016 ж. мамырдың 28 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Қасымқан Қаскенұлы Ахметов (1951 жылы туған), тау-кен инженері. Қазақ политехникалық институтын бітірген (1974). 1974-1986 ж. Жезқазған қалалық комсомол комитетінің бөлімі меңгерушісі, хатшысы. Акадыр аудандық, Жезқазған облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы, 1986 ж. Жезқазған облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, 2-хатшысы, 1991 ж. Мемлекеттік мүлік жөніндегі Жезқазған аймақтық комитетінің төрағасы, 1993 ж.Жезқазған облысы әкімінің орынбасары, Мемлекеттік мүлік жөніндегі аймақтық комитеттің төрағасы. 1995-97 ж. ҚР Президент аппаратының мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Алатау ауданының, 1997-2003 ж. Балқаш қаласының әкімі. 2003 жыддан Балқаш кен-металлургия комбинаты басқармасы төрағасының орынбасары. 13-шақырылған КР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}