Қарғамбай Рахымжанұлы Сатаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарғамбай Рахымжанұлы Сатаев (28 ақпан 1938, Қарағанды) — актер, Қазақ КСР-інің халық арт. (1982).

Өмірбаяны

  • Сол жылдан Қарағанды облысы драма театры құрамында актер.

Рольдері

  • Театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі — М.Хасеновтің “Арыстанның сыбағасы” спектакліндегі зоопарк директоры Білеубай.

Ол бұдан соң М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, С.Жүнісов, т.б. қазақ жазушыларының пьесаларында сахналық ірі, кесек тұлғалы драм. мінез-кейіптер жасады. Классик. драматургия бойынша қойылған спектакльдерде табысты ойнаған рөлдері қатарында Тибальт, Макбет, Петруччио (У.Шекспир “Ромео мен Джульетта”, “Макбет” және “Асауға тұсау”) мен Ясон (Еврипид “Медея”) бар. Муз. спектакльдерге де қатысып, Тарғын, Жалбыр (Е.Г. Брусиловский, С.А. Камалов пен Б.Майлин “Ер Тарғын” мен “Жалбыр”) рөлдерін шебер орындады. С-тың актерлік өнері терең психол. бояуының молдығымен, парасаттылығымен, баурап алар тартымдылығымен әрі сахналық мәдениетімен ерекшеленді. Реж. ретінде С.Сұбханбердиннің “Құндыздының Құсайы” (1970), С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” (1981), С.Балғабайдың “Қыз жиырмаға толғанда” пьесаларын сахнаға шығарды (1990).

  • 1964 жылдан киноға түскен: Шибан (“Әуен сырында”), Хәсен (“Көксеректе”, 1974), Сәлімгерей (“Заман-айда”, 1997), т.б.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}