Қарыма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:47, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қарыма . Нан пісіретін пеші, тіпті табасы бола бермейтін көшпелі өмір салтында ұннан тағам даярлаудың өте көне тәсілдерінің бірі - қарыма нан. Нанның бұл түрінің атауының өзі айтып тұрғандай, "қарып пісіру" деген сөзден шыққан. Біраз жерлерде "қазанжаппа деп те аталады. Бұл атау тіпті нан пісірудің тәсілінде білдіріп тұр. Ашытқы, сүт, тұз, езілген су, сары май қосып иеленген қамыр көтерілген соң, оны шеңбер ғып дөңгелектеп жаяды да, әбден қызып тұрған қазанның ішіне май жағып, жапсыра жабады. Қазан шоқтың табында тұрады немесе отты баяу жағады. Қазандағы қамырдың шет-шетіне ас қасықтың ұшымен өрнек салатындар да бар. Қарыманы пісірудің бір тәсілі - төңкерілген қамыр қазан түбіне жабысып, жартылай піскен кезде оны қазанымен төңкеріп оттың табына біраз қояды. Қарыманы немесе бәтір нанды ыстықтай ұсақтап үзіп не турап, үстіне қаймақ немесе сары май қосып, сыйлы қонақтарына ұсынатын болған. <ref>"Қазақы дастархан"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бастама Үлгі:Уики