Қарлыханов Төрехан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

04:47, 2016 ж. мамырдың 21 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Қарлыханов Төрехан (22.1.1950, жылы туған Жалағаш ауданы «Қазақстанның 20 жылдығы» ұжымшары) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1993), В.С.Алтунин атындағы Халықаралық экология және табиғат пайдалану академиясының академигі (1995). Жамбыл-гидромелиорация-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген (1971). 1971 – 87 жылдары осы интститутта «Гидравлика» кафедрасында оқытушы, 1987 – 91 жылдары кафедра доценті, 1991 – 93 жылдары Қызылорда аграрлық-өнеркәсіптік өндіріс инженерлері институтында кафедра меңгерушісі, 1993 – 96 жылдары Қызылорда политехникалық институтының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, 1996 – 2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің деканы қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Арал өңірі агроэкология ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: экология және табиғат қорғау, ауыл шаруашылығы проблемаларына арналған 100-ден астам ғылыми мақалалары мен 4 монографиясы жарық көрген. Экология проблемалары жөніндегі тәуелсіз Халықаралық сарапшылар құрамына енген. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарлыханов Төрехан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}