Қарақ, қарақ ойнау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:03, 2014 ж. желтоқсанның 28 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Қарақ, қарақ ойнау. Мұндай сөзді және сөз тіркесін не түсіндірме сөздікте, не орфографиялық сөздікте кездестіре алмадық. Алайда, өмірде ел аузынан талай естіген сөздер. «Ол жұртты қарақ ойнаумен ұтады». Бізге бұл тұлғалас әрі мағыналас сөз түркі тілдерінен кездесе қоймады. Соған қарағанда қазақтарға жүйесі басқа тілден ауысып келгендігі байқалады. Парсы тілінде «хәрәнғ» тұлғасындағы сөз «алдау, адастыру» іспеттес мағыналарда қолданылады (Пер.-рус. сл., 1983, I, 547). Егер «қарақ ойнау» тіркесін түсініктірек болсын десек, «алдап ойнау» деп айтуға да болады.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}