Қарағандысай өзегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

06:06, 2011 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Қарағандысай– Ойыл өзенінің аңғарындағы өзек. Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің оңтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 28 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 – 3 км шамасында. Сайдың екі беткейі көктемгі еріген қар және бұлақтардың жылғаларымен тілімденген. Қарағандысайдың бойында Қарағанды, Бесқарағансай қыстаулары бар. Солтүстігінде Қаратөбе, батысында Құмбауыроба, оңтүстігінде Төрткіл, оңтүстік-шығысында Қарағанды төбелері орналасқан. <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}