Қарашалаң

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:47, 2016 ж. қазанның 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ҚарашалаңҚызылорда облысының Арал ауданындағы ауыл, Бөген ауылдық округі құрамында.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 110 км-дей жерде, Арал теңізінен оңтүстік-шығысқа қарай Сырдария өзенінің атырауына таяу орналасқан.

Атау мәні

Қарашалаң – төл сөзімізден жасалған көне тұлғалы ескі атау. Оның құрамындағы "шалаң" сөзі осындағы жергілікті тұрғындар тілінде «теңіз түбінің ұзын-ұзын құрақ шөбі, балдыры» мағынасында қолданылады. Осы шалаңның қара және сары түсті болып келетіні бар. Міне, осындай түр-түсіне байланысты сол жер Қарашалаң аталып, кейіннен елді мекен атына ауысқаны байқалады. Екінші бір нұсқасы: ілгеріде Арал суының толық кезінде Қарашалаң тұрған жер теңіздің Шалаңды шығанағы болған. Шалаңды шығанағы теңізді картаға түсірген Бутаковтың да жасаған картасында болған. Қарашалаң атауы содан қалған деседі. <ref>«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Халқы

Тұрғыны 541 адам (2009).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері