Қараалып

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:35, 2012 ж. қаңтардың 24 кезіндегі Daniyar (Талқылауы) істеген түзету

ҚараалыпАрал теңізінің солтүстік-шығысындағы төбе. Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуілді кентінің оңтүстік-батысында 60 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 180 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр. Енді жері 1 км шамасында. Көлбеу беткейі жонды-адырлы жазыққа ұласады. Солтүстігінде Бестөбе төбесі, шығысында Кіші Борсық құмы, оңтүстігінде Шот, батысында Шаршаған (Соршаған) төбелері орналасқан. Аллювийлі жазығындағы сортаңды қоңыр топырағында қара жусан, сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. өседі. <ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}