Қапсағай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:03, 2014 ж. желтоқсанның 28 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Қапсағай. Түсіндірме сөздіктегі мағынаға қарасақ — зор денелі, биік те жуан. «Бойы екі метрге жақын, кең жауырынды қапсағай жігіт... өзі сұранып балуандыққа түсті» (3. Шүкіров, Сарша тамыз). «Қапсағай» сын есімінің берер мағынасы зор, биік болуы мүмкін, бірақ «жуандық» қасиет (түсіндірме сөздік көрсеткендей) оған жанаспайды. Өз ойымызды былай қойғанда, кейбір түркі тілдері деректері де осы пікірімізді қуаттайды. Тува тілінде капшагай — епті, оңтайлы, ал кашпагай — өткір, ежет, пысық (Рус.-тув. сл., 1980, 241, 50) мағыналарында қолданылады. Тува тіліндегі бұл сын есім мағыналары бірінен-бірі туындаған ауыс мағыналар, тұлғаларындағы айырма-қатар дыбыстар орын ғана алмастырған (метатеза құбылысы). Адам епті оңтайлы болу үшін, жуандық пен семіздік қажет емес, керісінше, жіптіктей сом дене керек. Якут тілі дерегіне көңіл аударсақ, «хапсағай» тұлғалы сөз біздің тіліміздегі «шапшаң, епті, тез» сияқты мағыналар меншіктенеді (Як.-рус. сл., 1972, 480). Бұл қимылдар да адам денесінің жинақты, сұңғақтылығына байланысты болса керек. Демек, «қапсағай» адамның дене пішіні ашаң, арық болса да жүмырлана біткенде ғана оқтайлы, шапшаң, епті боларына сөз жоқ.

Біздің байқауымызша, сөздің ең алғашқы мағынасы етістік тұлғалы сөзге соқтырады. Мысалы, тунгус-маньчжур тобындағы тілдерде «хабсара» сөзі — арықтау, ал «хабсахун» тұлғасы «ашаң, арық» мағыналарына нұсқайды (ССТМЯ, I, 457). Дәл қазір әңгіме болып отырған «қапсағай» сөзінің алғашқы мағынасы мен тұлғасына арқау боларлық деректер осылар болар деген ойдамыз.

Бұл жерде жер атымен байланысты кездесетін «қапшағай» сөзін мұнымен жанастыруға болмайтын сияқты. Біздегі жер атымен байланысты «қапшағай» тұлғалас сөзді қырғыз , якут тілдерінен кездестіреміз. Олардық мағынасы таулы жерде кездесетін үңгір, шатқалдарға мезгейді. Бұл — өз алдына мәселе.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}