Қапан Оралұлы Бадыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:34, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қапан Оралұлы Бадыров(21.9.1904 жылы , қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Табын ауылы -14.06.2000 жылы Алматы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1942), Қазақ театрының іргесін қаласқан өнер саңлақтарының бірі.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

1-басқышты ауыл мектебін бітіргеннен кейін, 1922—25 жылы Қазақ халық ағарту институтынында (Орынбор) оқыған. Сондағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1922 жылы Б. Майлиннің “Бетім-ау, құдағи” аталатын шағын пьесасында Айқын келіншектің рөлін ойнап шыққан. 1925 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан Қазақ драма театрына шақырылады. 1926 жылы Қазақ драма театры гастрольге кеткенде, Бадыров жолдамамен Алматы малдәрігерлік техникумына оқуға жіберіледі. Онда оған жастар театрының көркемдік жағын басқару ісі тапсырылып, М. Әуезовтің “Қарагөз”, “Еңлік—Кебек”, Ө. Оспановтың “Зарлық”, Ә. Сұлтановтың “Дариға-Қайдар”, татар Жазушысы Фахти Бурнаштың “Яш юряклар” спектакльдерін қойып, өзі де рөлдерде ойнады. 1931 жылы Қазақ драма театрына қайта оралады. Алғашқы көрнекті рөлі — М. Тригердің “Сүңгуір қайығындағы ” Игорь Оленин. Сонан кейін Еркебұлан (С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарларында”), Жетекші (Н. Погодиннің “Менің досымында”), Михайлов (В. Киршонның “Астығында”), Науан хазірет, Амангелді (Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты” мен “Амангелдісінде”), Телғара (Ә. Тәжібаевтың “Жалғыз ағаш орман емесінде”), Жомарт (Ғ. Мұстафиннің “Миллионерінде”), профессор Мамлюк (Ф. Вольфтің “Профессор Мамлюгінде”), Арқалық (Ж. Шаниннің “Арқалық батырында”), Бекболат (Б. Майлиннің “майданында”), Шыңғыс сұлтан, Әлихан Бөкейханов (С. Мұқановтың “Шоқан Уәлихановы” мен “Сәкен Сейфуллинінде”), Төле би (Т. Ахтановтың “Антында”), М. Яровой (К. Треневтің “Любовь Яроваясында”), Отелло (У. Шекспирдің “Отеллосында”), Уәзір (Н. Хикметтің “Фархад-Шырынында”), т.б. рөлдерді ойнап, Қазақ сахнасында көптеген кесек образдар жасады. Әсіресе, Науан хазірет пен Отелло бейнелері — Бадыровтың Қазақ сахна өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі. Кейінірек У. Шекспирдің “Асауға-тұсауындағы” Баптиста, М. Әуезовтің “Еңлік—Кебегіндегі” Абыз бейнелері сияқты қарама-қайшы характерлерді сахналауы оның жан-жақты дарынын танытты. М. Әуезов драматургиясы Бадыров шығармашылығынан ерекше орын алып, Жазушының 21 пьесасында ойнады. Олардың арасында Кембай, Көбей, Қараменде, Еспембет (“Еңлік — Кебекте”), Керім (“Абайда”), Сапа, майқан болыс (“Түнгі сарында”), Демеужан (“Бәйбіше-тоқалда”), Маман (“Айман — Шолпанда”), Қобланды (“Қарақыпшақ Қобландыда”), Кәрібоз батыр (“Хан кенеде”), Бөрібасар (Ә. Тәжібаевпен бірігіп жазған “Ақ қайыңда”), Б. Момышұлы, Сталин (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған “Намыс гвардиясында”) сияқты образдар бар. М. Әуезовтің “Абай” романының инсценировкасындағы Абай рөлі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығының берілген (1952).

Б. 1940—1941 жылы режиссурамен де айналысып, Ә. Әбішевтің “Жолдастарын” сахнаға шығарды. Кинода Қаратай (“Амангелдіде”), Айдар, Сырттан (“Абай әнінде”), Көреген (“Алып туралы аңызда”), Сәрсен (“Өмір жолында”) рөлдерін ойнаған. Бабыровтың “Өткендер мен өткелдер” (1974), “Естен кетпес есімдер” (1981), “Театр, моя судьба” (1987) деген естелік кітаптары, көптеген мақалалары жарық көрді. Екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref><ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references />Үлгі:Bio-stub