Қандыағаш ұрысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:46, 2015 ж. қыркүйектің 12 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Қандыағаш ұрысы -1738 жылы қазақ қосындары мен Жұрын бастаған торғауыт қалмақтарының, арасында болған ұрыс.


Шақшақ Жәнібектің үлкен ұлы Түктібайды үйлендіріп, ұлан-асыр той жасау сәтін пайдаланған торғауыттар Жем мен Сағыз бойындағы қазақ ауылдарын шауып, қырғынға .ұшыратқан. Сонда тама Есет Көкіұлы, табын Бөкенбай, шақшақ Жәнібек жігіттерімен жауды қуып жетіп, сұрапыл шайқас жүргізеді. Содан бастап бұл жер Қандыағаш атанған. Үш батыр торғауыттардың алға жіберген қолын Астрахан қаласына дейін қуып барып, генерал-губернатор В.Н.Татищевке өтініш айтқан. Қарақшылық шабуыл жасаған Еділ бойы қалмақтарын жазалау үшін Ресей жерінің үстімен ішке өтуге рұқсат сұраған. Бірақ губернатор қазақ батырларының Еділден өтуіне рұқсат бермей, тартқан сыйлықтарын қабылдамаған. Сол Қандыағаш ұрысында қолға түскен қалмақтардың әскербасы Жұрын кейін Есет батырға адал қызмет етіп, оның тұтқында із-түссіз кеткен ұлының орнына ұл болған. Батыс Қазақстан темір жолы бойындағы қазіргі Жұрын станциясы соның есімімен аталған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қандыағаш ұрысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}