Қанат Қамайұлы Жақсыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:40, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қанат Қамайұлы Жақсыбаев (1956 жылдың 24 ақпаны, Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылы) — қазақ әуесқой боксшысы, Қарағанды облыс құрама командасының аға бапкері. Әлем кубогының иегері Аркадий Топаев пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері Нұрлан Қалыбаевтың жеке бапкері.

1977 жыл – КСРО спорт шебері

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы

КСРО Халықтарының 7-ші жазғы спартакиадасының қола жүлдегері

1980 жыл – Қарағанды педагогикалық институтын дене тәрбиесі факультеті бойынша тәмамдады

1988 жыл – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын иемденді

Халықаралық бапкерлігі

  • Біріккен Араб Әмірлігінің 9 чемпионын дайындап шығарды. Екі шәкірті Мароккода өткен жас­тар арасындағы әлем чемпионатына қатысты.
  • Ал Үндістан құрама командасымен жұмысы нәтижесі: Вижендер Кумар деген шәкірті Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін 75 келі салмақта жеңіп алса, төрт боксшысы осы ойындарда өнер көрсетті, Алты бірдей шәкірті Үндістанның чемпионы атанды.

Дереккөздер