Қамзол

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:39, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қамзол (камзол)— әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады. Қамзолдық астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына қамзолдық алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Қамзолдық желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді.

Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте-мөте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіл тағыл қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндел тіккен қамзол шығаратын болды.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қамзол|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}