Қалығұл Байұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:44, 2015 ж. маусымның 16 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Қалығұл Байұлы (1785, Қырғызстан, Ыстықкөл өңірі, Қараой а. - 1855, сонда) – қырғыз ақыны. Қ. Ресей отаршылдығы дәуіріндегі қазақ “зар заман” ақындарының өлең-жырларымен тақырыптық-мазмұндық жағынан да, көркемдік-стильдік жағынан да үндестік тапқан қырғыз әдебиетіндегі “заман ағымы” деп аталған әдеби ағымның негізін салған. Қ. бастаған Арыстанбек Бұйлашұлы, Молла Нияз, Молда Қылыш, Алдаш молда сынды ақындар шоғырын қырғыз әдебиетінде “заманчы ырчылар” деп аталады. “Заманчы ырчылар” шығармаларында ұлт мүддесі алға қойылып, отаршылдыққа қарсылық сарыны белең алды. Қ-дың шоқтығы биік шығармасы “Ақырзаман” толғауы. Ел ішіне отаршылдардың дендеп ене бастағанынан шошынған ойшыл ақын бұл толғау-өлеңінде айналадағы құбылыстарға көзқарасын көркем тілмен баяндады. Қоныстың отарлануын, діннің бұзылуын заманның азып-тозуы деп бағалады, өзі қолайсыз көрген жайларды ақырзаманға теңеді. Келешекті болжап, халыққа жайсыз тиетін жайттарды анық айтып, зар жырына айналдырды. Қазақ әдебиетіндегі “зар заман” ақындары сияқты Қ. шығарм. да біраз уақыт бойы кезең талабына байланысты зерттеушілер тарапынан теріс бағаланып келді. Қ. қырғыз елінің айтулы тұлғасы, ойшыл ақыны, қоғамдық ой-сананы биікке көтерген ұлт қайраткері ретінде құрметтеледі. Қ-дың “Ақырзаманнан” басқа бірнеше өлең-толғаулары, арнау өлеңдері, жыр-термелері сақталған.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}