Қалиасқаров Марат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:55, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Қалиасқаров Марат<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - (2.6. 1953 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжартас ауылы) – техника ғылымдарының докторы (2009). Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1981) бітірген. Осы институтта инженер (1975–84), лаборатория меңгерушісі (1984–91), Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясында ғалым-хатшы (1991–94), «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінде бас директордың орынбасары (1994–2003), Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының бөлім жетекшісі (2003–07), орталық басшысы (2008–09) қызметтерін атқарды. 2010 жылдан бас директордың орынбасары. «Қой қиын жинайтын және өңдейтін машиналардың технологиялық негіздері мен өлшемдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 60-тан аса ғылыми жарияланымның авторы.

Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қалиасқаров Марат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}