Қайырды Назырбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:19, 2016 ж. мамырдың 19 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Қайырды Назырбаев - 1947 жылы 2 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Таңба (қазіргі Еңбек) ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң, «Өрел» совхозында шопан, мәдениет қызметкері, Еңбек сегіз-жылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1980 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолы

1968 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, Катонқарағай, Үлкен-Нарын және Зырян аудандары бойынша меншікті тілші, 1969 жылы Күршім аудандық «Коммунистік еңбек» — «Коммунистический труд» газеттерінде аудармашы, Шығыс Қазақстан облыстық телевидение және радио хабарын тарату комитетіне редактор, 1980—1990 жылдары Катонқарағай аудандық «Арай-Луч» газетінде редактор-дың орынбасары, редактор, 2000 — 2002 жж. Астанадағы мемлекеттік «Елорда» баспасында редактор болып жұмыс істеген. 2002 жылы «Аударма» баспасы қүрылғаннан бері осы баспаның Бас редакторы, директоры қызметін атқарған. Қазір Астанадағы «Нұра-Астана» баспасының директоры.

Еңбектері

Өлең жазуды мектеп қабыр-ғасында жүргенде-ақ бастаған. Өлеңдері мен әңгімелері аудандық, республикалық газет-журналдар-да жарияланған. Ақынның өлеңдері 1999 жылы Астанадан шыққан «Ағажай, Алтайдай жер қайда?!» атты ұжымдық жинаққа енген. «Алтайдың алтын алқасы», Забила Алпысованың «Ұстаз тағылымы», Шерхан Мұртазаның «Ақындар мен әкімдер», «Соғыстық соңғы же сірі», « Қаратай елінің ақындары», «Ел ішіндегі бір қақпайлар» атты жинақтарын құрастырып шығарған. Астанада 2006 жылдан бастап шыға бастаған «Әлем әдебиеті» журналының алқа мүшесі. «Нобель сыйлығының лауреаттары», «Шытырман оқиғалар және фантастика», «Жыржауһар», «Әлем әдебиеті», «Тарих. Таным. Тағдыр.», «Әлем әдебиеті кітапханасы», «Қазақ халқының философиялық мұрасы» серияларымен шыққан кітаптарды^ ұйымдастырушысы. 2007 жылы «Фолиант» баспасынан өзінің «Таудағы таңба» атты жеке кітабы жарық көрген. Баспасөз саласындағымінсіз қызметі үшін халық депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесінің грамотасымен, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің Құрмет грамотасымен марапаттал-ған. Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапат-талған. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}