Қайып хан
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қайып хан - (1715—1718) билік құрған. Қайып хан тұсындағы Қазак хандығының сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісті болды. Оған шығыстан жоңғарлар, батыстан қалмақ билеушілері қауіп төндіріп отырды. Осы жағдайға орай, өзіне одақтас іздеу Қайып ханның сыртқы саясатының басты орі шешуші саласына айналды. 1716 ж. Тобылға жіберілген қазақ елшілері Б.Екешев пен Б.Бөриев Қайып ханның Ресей үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасауға және Жоңғар хандығымен күресте қазақ-орыс әскери одағын құруға даяр еке¬нін Сібір губернаторы М.П.Гагаринге хабарлады. Қайып хан Сібір өлкесінде қазақтар үшін еркін сауда жасауға рұксат сүрады. Өз тарапынан Сібір өкімшілігі Қайып ханның бұл тілектерін орындауға ықыласты екенін білдірді. Жоңғар хандығымен күрестің кезек күттірмес мәселелері Қайып ханды Қазан губернаторы Салтыковпен де байланыс жасауға мәжбүр етті. Қайып хан тұсында Қазак хандығы мен Ресейдің арасындағы саяси қарым-катынастың жандануы екі жактың Жоңғарияға қарсы күресте күш біріктіру мақсатына байланысты болды.
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қайып хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}