Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайып хан"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш Орта Жүз хандары» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
Жол нөмірі 63: Жол нөмірі 63:
  
 
[[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
 
[[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]]
 +
[[Санат:Орта Жүз хандары]]

15:13, 2015 ж. қыркүйектің 11 кезіндегі түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қайып хан - (17151718) билік құрған. Қайып хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісті болды. Оған шығыстан жоңғарлар, батыстан қалмақ билеушілері қауіп төндіріп отырды. Осы жағдайға орай, өзіне одақтас іздеу Қайып ханның сыртқы саясатының басты орі шешуші саласына айналды.

1716 ж. Тобылға жіберілген қазақ елшілері Б.Екешев пен Б.Бөриев Қайып ханның Ресей үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасауға және Жоңғар хандығымен күресте қазақ-орыс әскери одағын құруға даяр екенін Сібір губернаторы М.П.Гагаринге хабарлады. Қайып хан Сібір өлкесінде қазақтар үшін еркін сауда жасауға рұқсат сұрады. Өз тарапынан Сібір әкімшілігі Қайып ханның бұл тілектерін орындауға ықыласты екенін білдірді. Жоңғар хандығымен күрестің кезек күттірмес мәселелері Қайып ханды Қазан губернаторы Салтыковпен де байланыс жасауға мәжбүр етті.

Қайып хан тұсында Қазақ хандығы мен Ресейдің арасындағы саяси қарым-қатынастың жандануы екі жақтың Жоңғарияға қарсы күресте күш біріктіру мақсатына байланысты болды.

Үлгі:Қазақ хандары