Қайум

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:14, 2017 ж. ақпанның 24 кезіндегі WOSlinker (Талқылауы) істеген түзету

ҚАЙУМ – шиит қағидасы. Қайум Мұхаммед бин әл-Ханафия (700 ж.) есімімен байланысты 8 ғ-да пайда болған атау. Ислам ілімі оны былай түсіндіреді: ғайып болған Қайум (ғ. с.) Алла тағаланың бұйрығымен жерге қайта оралады, әуелі Меккеге келіп, одан Куфаға орнығып, бүкіл әлемді билейді, мұсылмандар арасында әділеттік орнатады. Бұл идеяны алғаш таратушы – мүбәракшылар ағымының имамы Мұхаммед бин Ислам бин Жафар болатын. Қайум идеясы шииттер арасында кең тарады, Қайум мен оның туыстарынан өзгелердің мемлекетті билеуі заңсыз деп саналды. Кейбір діни ағымдағылар Мұхаммед бин әл-Ханафияны Әли әулетінен, Дариға палуаннан туған Мәһди деп есептейді. Сүннит жолындағылар “Иса пайғамбар жерге түсіп, Мәһди оның орынбасары болады” деп санаса, шиит жолындағылар Мәһдиге “құдайдың құдіретімен қойылған билеуші әкім” ретінде қарайды. Сондай-ақ, мұсылмандық құқықта Қайум үкімет тарапынан тағайындалатын қамқорлық деген ұғымды да білдіреді.

<ref name=source1>Н. Өсерұлы мақаласы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қайум|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}