Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазыбек би"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жол нөмірі 11: Жол нөмірі 11:
 
| spouse        =  
 
| spouse        =  
 
}}
 
}}
'''Келдібекұлы, Қазыбек би''' ([[1665]][[1765]]) — қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, Әз [[Тәуке хан]] құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, [[Орта жүзд]]ің төбе биі, «[[Жеті жарғы]]» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.
+
'''Қаз дауысты Қазыбек би''', '''Қазыбек Келдібекұлы''' – қазақ халқының 17 – 18-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. [[Орта жүз]] [[арғын]] тайпасының [[қаракесек]] руына кіретін [[болатқожа]] атасынан шыққан ол 1667 ж. Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін [[Тәуке хан]] Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, [[Сәмеке]], [[Әбілмәмбет]], [[Абылай]] ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
  
Шыққан тегі [[Орта жүз]]дің [[Арғын]] тайпасының [[Қаракесек]] руынан. Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар [[Тәуке хан]] мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, [[Орта жүз]]ге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, [[Қазақ хандығы]]ның ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.
+
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, [[Жоңғар шапқыншылығы]] үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы [[Цэван Рабдан|Цэван Рабданға]] барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: ''“Дат, тақсыр!”'' деп жұлқынып алға шығады да:
 +
<poem>
 +
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.  
 +
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.  
 +
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
 +
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.  
 +
Бірақ асқақтаған хан болса –  хан ордасын таптай білген елміз.
 +
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
 +
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
 +
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
 +
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
 +
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!”</poem> – депті. Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған [[қалмақ]] ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына [[дақ]] түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.
  
Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. [[Абылай хан|Абылай сұлтан]] [[жоңғарлар]]дың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады.
+
Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – [[Жеті жарғы|“Жеті жарғыны”]] жасатып, [[Күлтөбе|Күлтөбенің]] басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.
 +
[[File:Kazybek bi.jpg|thumb| left| alt=A.| ]]
 +
Ел “[[Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама]]” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, [[Әбілмәмбет]] хандардың, [[Барақ]], [[Батыр]], [[Абылай]] сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға [[Қытай]] боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген.
 +
Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың [[Қабанбай батыр|Қабанбай батырға]] бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал [[Барақ сұлтан]] қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда [[Кіші жүз]] ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын [[қылмыс]] деп бағалаған.  
  
Сондай ақ ол [[Ресей]], [[Бұқар]], [[Хиуа]] мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.
+
Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, [[Ұлытау]], [[Қарқаралы]] өңірін қоныс қылып, [[Семізбұғы]] тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: ''Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет'' есімді бес ұл, ''Маңқан'' (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы [[Бекболат]], одан кейінгі [[Тіленші]], Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор [[Мәди Бәпиұлы]] да Қазыбек бидің ұрпағы. Қазыбек би 1764 ж. Семізбұғы тауының етегіндегі [[Теректі]] қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы [[Қожа Ахмет Иасауи]] кесенесіне апарып жерлеп, басына [[құлпытас]] орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы [[Алексей Левшин]], [[Шоқан Уәлиханов]], [[Шаһабуддин Маржани]], [[Балтабай Адамбаев]], [[Нысанбек Төреқұлов]], т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. [[Қарағанды]] облысында бір ауданға, [[Алматы]], [[Шымкент]] қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – [[Астана|Астанада]] ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген. <ref name=”source1”>  “Балалар Энциклопедиясы”, V-том </ref>
  
[[1760 жж.]] [[Чиң]] империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол [[Қытай]]дың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, [[Абылай хан|Абылай]]ды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.
 
 
Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. [[Әбілқайыр хан|Әбілқайыр]]ды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі,ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек.
 
 
[[Уәлиханұлы, Шоқан Шыңғысұлы|Шоқан Уәлиханұлының]] «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде:
 
<blockquote style="padding: 0.5em 0.8em;">
 
Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: "Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды
 
</blockquote> деп жазады. Бұл заманында ақылымен қатарынан озған дана биіне ел басшысының берген нақ та әділ бағасы еді.
 
  
 
== Тағы қараңыз ==
 
== Тағы қараңыз ==
Жол нөмірі 35: Жол нөмірі 41:
 
* [http://adyrna.kz/?p=2423 Арық емес, қатумын]
 
* [http://adyrna.kz/?p=2423 Арық емес, қатумын]
  
 +
==Пайдаланылған әдебиет</span>==
 +
<references/>
 +
 +
{{stub}}
 +
 +
{{wikify}}
 
[[Санат:Қазақстан тұлғалары]]
 
[[Санат:Қазақстан тұлғалары]]
 
[[Санат:Қазақ хандығы]]
 
[[Санат:Қазақ хандығы]]

23:05, 2011 ж. маусымның 20 кезіндегі түзету

Үлгі:Infobox Biography Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының 17 – 18-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 ж. Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.

Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да: <poem> “Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. 

Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!”</poem> – депті. Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.

Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.

Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.

Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы. Қазыбек би 1764 ж. Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген. <ref name=”source1”> “Балалар Энциклопедиясы”, V-том </ref>


Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Пайдаланылған әдебиет</span>

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазыбек би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}ru:Казыбек би