Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:10, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі - Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этностық тарихы түркілердің тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркі тектес, түркі тілдес тайпалардың көне заманда да болған. Бірақ нағыз түркілердің этностық тарихы б.з. V ғасырынан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: "Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркі тілдес деген сипат береміз?" деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. Б.з. V—VIII ғасырларының арасы түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі. Ал Алтай тіл тобына жататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде 1 мың жыл бұрын болған.

Көне түріктердің шығуы

Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. Түркі деп түркілердің қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түркі атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағүндағы хандар (қағандар) өздеріне тағы да түркі деген этностық атау таңады. Түркі деген атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі. Осы ортағасырлық түрік атауы Кіші Азия жеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол — Түркия, Түрік мемлекеті.

Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі — теле. Олар қазіргі Моңғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен батыста Тянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген.

Түріктер өзінің шығу тегін ашын тайпасымен байланыстырады.

Түрік қағанаты, Түркеш, Қарлұқ кезеңдері

Үлгі:Main Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы қағандары Бумын, Қара қаған, Мұқан қағандар еді. Осы қағандардың тұсында көршілес жуан-жуан тайпалары бағындырылды. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-Батыс Манчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жерінде Енисей қырғыздары бағындырылды. Істеми каған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.

582603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. 603 жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына бөлінді.

Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағаиатының жұрты "он оқ бодун" — "он оқ елі" аталды. Алдында қидан елін, Енисей қырғыздарын басып алған Шығыс Түрік қағанаты, 711 жылғы Инел қаған мен оның бас колбасшысы Тоныкөктің тұсында түркештерді өзіне кқаратты. Бұдан соң 716 жылы Білге қағанның тұсында түріктер қытай әскерлеріне үлкен соққы берді.

Батыс Түрік қағанаты да өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.

VII ғасырдың аяғына қарай түркі тайпаларына жататын түркеш тайпасының күшеюі байқалды. Шу мен Іле өзендерінің аралығында қоныстанған түркештер VI ғасырдан бастап Батыс Түрік қағанатына кірген. Олар:

  1. қара түркештер,
  2. сары түркештер болып екіге бөлінді.

Сонымен түркештер VII ғасырдың соңында Шаш (қазіргі Ташкент) қаласынан бастап, Тұрпанға, Бесбалыққа дейінгі жерді бағындырды.

VIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді. Қытай деректері оларды түркі тайпаларына қоспайды, тек түріктер бағындырған тайпа деп есептейді. Дегенмен қарлұқтардың түркі тілдес, түркі тектес тайпа екендігін кейбір қытай деректері көрсетеді. Олар бұрынғы Батыс Түрік қағанатының жерінде билік құрды. Бұрынғы Батыс Түрік қағанатының, одан соң түркештердің орталығы болған Суяб, Талас қалалары олардың орталығына айналды. Қарлұқтар үш үлкен — болат, шығыл, ташлық деген тайпаларға бөлінді.

Түркештер заманында, одан кейін қарлұқтар заманында Орталық Азияның біраз жерлерін арабтар жаулап алған еді. Олар арабтармен әр кез соғысып отырды. 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Сөйтіп, Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді.

756 жылы қарлұқтар түркештерді толық жеңіп, Оңтүстік-шығыс Қазакстанда өзінің толық саяси билігін құрды. Осы кезеңде, бұдан кейінгі онжылдықтарда да қарлұқтардың бірден-бір қарсыластары шығыстағы тоғыз-оғыздар болды. Олар кейіннен Шығыс Түркістанның батыс бөлігін, Жетісудың біраз жерін қарлұқтардан тартып алды. Тоғыз-оғыздардың құрамына кіретін ягма, сеянто тайпалары Шығыс Қазақстан жерінде билік құрды.

VIII ғасырдың соңына қарай Қазақстан жеріне түркі тектес көшпелі оғыз тайпасы келіп қоныстанады. Оғыз тайпалар одағына қарлұқтар, халаждар, жағралар, шарұқтар, кейінірек қаңғар-пешенег топтары кірді. Алдыңғылары Жетісуды мекендеген тайпалар болса, кейінгілері Сырдарияның бойын мекендеген. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, оғыз тайпалар бірлестігіне түркі тектес тайпалармен қатар үнді-еуропа тілдес тайпалар да (астар, аландар) кірген.

Оғыздардың алғаш жайлаған жері Сырдың ортаңғы, төменгі ағысы, Арал теңізінің маңы, Қаратау жоталары, Шу, Балқаш өңірі. IX ғасырда оғыздар Каспий аймағына қарай ауып, Жайық, Ырғыз, Жем, Ойыл өзендері, Мұғалжар тауы аймағына, одан әрі Жайық пен Еділ аралығына қоныстаңды. X ғасырда оғыздар хазарларды талқандап, Кавказ сыртынан Алдыңғы Азияға дейін жетті. Оғыздар Қазақстан жерінде болған екі ғасырдай уақытта баска түркі тайпаларымен өзара этностық, мәдени-шаруашылық ықпалдастықта болды.

Қимақ, қыпшақ кезеңдері

Үлгі:Main

Сурет:Қимақтар.png
Қимақ мемлекеті

Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерінде Қимақ қағанаты құрылды. Қимақ атауы кейде йемек түрінде кездеседі. Қытайдың VII ғасырдағы деректерінде оларды яньмо деп те атаған. VII ғасырда теле тайпаларының құрамына кірген қимақтар Солтүстік-Батыс Моңғолия жерінің Қобда алқабында мекендеген. Олардың шығысында оғыздар, оңтүстігінде түркештер мен қарлұқтар қоныстанған. VII ғасырдың ортасына қарай қимақтар Алтай таулары мен Ертіс өңіріне қоныс аударады. VIII—IX ғасырларда Қимақ Одағына көптеген түркі тайпалары енеді. Соның ішінде ең көбі — қыпшақтар. Осы кезеңде Қимақтар Одағына кірген тайпалар үш бағытта жер кеңітті: солтүстік-батыс бағытта — Оңтүстік Оралға дейінгі жерлер, оңтүстік-батыс бағытында Сырдария алқабы мен Оңтүстік Қазақстанның басқа жерлері; оңтүстікте Солтүстік-шығыс Жетісу жерлері. Осы кезеңде қимақтар Алтай, Тарбағатай таулары]], Алакөл ойпатын түгелімен иемденді.

IX ғасырдың ортасына қарай қимақтар құрамына бұрын Ұйғыр қағанатына кірген эймур, байандүр, татар тайпалары қосылып, қимақтар жеті тайпадан тұрды. Олар:

  1. эймур,
  2. имақ,
  3. татар,
  4. байандур,
  5. қыпшақ,
  6. ланиказ,
  7. ажлар.

Осы тайпалардың ішіндегі эймур Оғыздар бірлестігінің арасында да, он екі ұйғыр тайпаларының арасында да аталады. Имақ тайпасы осы қимақ конфедерациясында билеуші, ұйтқы болған тайпа. Татарлар да сол заманғы Оғыз, Тоғыз-оғыз (ұйғыр) одақтарының құрамында аталатын тайпалар. Олар да түркі тілдес. Қыпшактар Қимақ Одағындағы үлкен тайпалардың бірі. Қимақтар мен қыпшақтарды кейбір зерттеушілер бір жұрт деп те есептейді.

Сурет:Premongol-Kipchak.png
Қыпшақ даласы

Кыпшақтар Қимақтар Одағына кіргенмен, VIII ғасырдан бастап өзін-өзі билеуге, дербестікке ұмтылады. Қимақтар көшпелі болғанымен, олар да қалалар салған. Малы жұтап, не жау айдап кеткен қимақтар отырықшылыққа айналды, оларды жатақ деп атады.

IXXI ғасырларда қимақтар Тәңіріге, ата-баба рухына, отқа, Күнге табынды. Сонымен қатар қимақтардың кей тобы сол кезде Шығыс Түркістан жерінде көп таралған манихей дініне де құлшылық етті. Сондай-ак қимақтар ақсүйектерінің арасында ислам діні де таралып келе жатты.

Бейбіт замандарда қимақтар мен оғыздар бір-бірінің жерлерінде көшіп-қонып жүрген. Бұл шаруашылық-мәдени араластық қимақ-қыпшақтар мен оғыз тайпаларының тіл, тұрмыс, мәдениет жағынан жиқындасуына себеп болған.

Мерв каласында тұрған парсылық ақын әрі жиһангез, мемлекет шенеунігі Насыр Хосроу 1045 жылы Алтайдан Еділге дейінгі жерді Дешті Қыпшақ, яғни Қыпшақ даласы" деп атады. Бұған дейін бұл аймақты араб географтары "Оғыздар даласы" деп келген болатын.

1055 жылы Ресей жерінің оңтүстігін жаулап алған қыпшақтарды половцы деп атады. "Половец" деген сөз қыпшактардың лақап аты "сарыдан" шығады. Сарыны орыстар "желтый", "половый" деп, содан "половец", "половцы" деген ат қалыптасты. Аты белгісіз парсы тарихшысы: "Еділ мен Дон өзенінің арасы бұрын осы жерде мекендеген хазарлар атымен "Хазар даласы"деп аталушы еді, енді бұл жер "Қыпшақ даласы" деп аталады", — дейді. Дунай бойындағы венгрлері қыпшақтарды олардың бір атасы "құнан қыпшақтардың" атауымен "құнан" деп атады. "Құнанның" бұрмаланған түрі "қоман" қыпшақтардың тағы бір атауына айналды.

Қыпшақтар конфедерациясы Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінген. Шығыс бірлестік Қазақстан аумағында құрылды. Оған 8 ірі тайпа және 8 ру кірді.

  • Ең бірінші жәнө басшы тайпа бөрілер (елбөрілер). Қыпшақ хандарының бәрі осы тайпадан шығып отырған. Бұл тайпа өздерін қасқырдан таралғанбыз деп есептеген. Аңыз бойынша, көне түркілер өздерін бөріден таралдық деп, бөрілі байрақ ұстаған, бөріге табынған.
  • Екіншісі — тоқсоба. Бұл тайпаның аты "тоғыз тайпалы" деген мағына береді, таңдаулы ата болып саналады.
  • Үшіншісі — йетитайпалы, "жеті рудан құралған" дегенді білдіреді.
  • Төртінші — төртоба, бұл "төрт тайпалы" — дегенді білдіреді.
  • Бесіншісі — әл-арс.
  • Алтыншы тайпа — біржоғлы, олар оңтүстік орыс далаларында қыпшақтардың үстемдігін құрған, Египетте өз ортасынан мәмлүк-сұлтандар әулетін шығарған.
  • Жетіншісі — маңқұроғлы, олар қимақтардың бір руы болса керек.
  • Сегізіншісі — имақ (қимақ) тайпасы.

Қыпшақтардың батыс бірлестігіне 11 тайпа кірген. Олардың біразының аты Шығыс бірлестік құрамында да аталады.

Қыпшақтар бірлестігіне кірген тайпалардың таза қыпшақтардан ғана емес басқа тайпалардан да енгенін байқаймыз.

Қыпшақ кауымдастығының калыптасуына XII ғасырда Сырдың төменгі ағысы мен Арал маңында өмір сүрген қаңлылар белсенді қатысқан. Қыпшақтар құрамына сонымен қатар қарлұқтар, жікілдер, қайлар, баяттар, азкиштер (азкісі), түркеш топтары кірді.

Наймандар

Үлгі:Main

Сурет:Genghis Khan empire-en.svg
Наймандардың XIII ғасырда орналасқан жері.

Орта ғасырларда өзінің мемлекеттігін қүрған қазақ тайпаларының бірі. Наймандардың VIII ғасырдың орта шенінде мекендеген аймағы Моңғолияның орталығындағы Хангай тауынан Тарбағатай, Алтайға дейінгі аралықты алып жатты.

Наймандар кейін қазақ құрамына кірген тайпалармен тығыз қарым-қатынаста болған. Наймандар мен қаңлылардың тіпті VII ғасырдың екінші жартысында қатар өмір сүрген туыстас тайпалар екендігін үйғыр саяхатшылары жазып кеткен. Наймандар, керейлер, жалайырлармен тығыз этникалық, мәдени, саяси қатынаста болған. Кейін XII ғасырда наймандар өз мемлекетін құрғанда, оның ұлысы құрамына қаңлылар, керейлер, жалайырлар, қыпшақтар, т.б. кірген. Наймандар бірлестігінің құрамында да болашақ қазақ халқының тілдік, рухани, материалдық, мәдени, саяси ортақтастығы қалыптасып келе жатты.

Керейлер

Үлгі:Main Керейлер туралы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады. Олар наймандармен көрші, кейде тіпті аралас орналасқан. Шыңғыс хан үлкен мемлекет құрғанға дейін керейттер (керейлер) қазіргі Моңғолия жеріне түгелдей және Алтай аумағында үстемдік еткен. Монғолдар да солардың қол астында болған. XII ғасырда керейлер де өзінің ұлыстық мемлекетін құрады.

Керейлердің тілі, шыққан тегі жөнінде та ласты пікірлер бар. Кейбір зерттеушілер оларды монғолдан шыққан, монғол тілдес болған дейді. Кейінгі кезде керейлердің түркітектес, түркітілдес екендігін көпшілік ғалымдар мойындайды. Жалпы бұл жерде мына бір жағдайға мән беру керек. Керейлердің де наймандар сияқты тілінде, ел басқару жүйесінде белгілі бір монғолдық нышандар болған. Бірақ бұл кейін, олардың монғол империясы ықпалына, қол астына кіргешіен кейін ғана пайда болған қасиеттер.

Моңғол шапқыншылығы заманында керейлердің бір тобы Еділ бойына дейін барған. Керейт этнонимі тіпті Қара теңіз өңірі далаларындағы жер атауларында да кездеседі. Керейлердің бір үлкен тобы Солтүстік Қазақстан жерінде орнығып қалды. Туыстас халықтар өзбектер мен қырғыздардың арасында да керейт атауы кездеседі.

Жалайырлар

Үлгі:Main

Сурет:Jalaiyr.jpg
Жылқының жалын, дұшпанның жағын айырған... жалайыр

Жалайырлар — алғаш керей, наймандармен көршілес қоныстанған, дәлірек айтқанда, Хилок, Селенга өзендерінің бойы, казіргі Моңғолияның Селенга аймағы мен Бурятияның шегінде болды.

Ортағасырлық парсы тарихшысы Рашид ад-Дин жалайырлардың шығу тегін ортағасырлық түркі тектес ұйғырлармен байланыстырады. Жалайырлар да найман, керейлер сияқты ұлыстың-феодалдық мемлекет құрды.

Орта ғасырларда дулат, қоңырат, албан, суан қазақ тайпаларының өмір сүргендігіне еш шүбә келтіруге болмайды. Бұл тайпалардың атына ұқсас тайпалар атаулары қытай жазбаларында кездеседі.<ref>Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}