Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Жәнібек хан мен Керей ханның дипломатиясы)
(Жәнібек хан мен Керей ханның дипломатиясы)
Жол нөмірі 1: Жол нөмірі 1:

Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр), Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында ([[Мұхаммед Хайдар Дулати]]дің есебі бойынша 1465-66 ж.) Батыс Жетісуда құрылды.<ref name="source1">“Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІХ том</ref> Оның негізін қалаушылар [[Керей хан]] мен [[Жәнібек хан]] болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.

Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр), Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында ([[Мұхаммед Хайдар Дулати]]дің есебі бойынша 1465-66 ж.) Батыс Жетісуда құрылды.<ref name="source1">“Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІХ том</ref> Оның негізін қалаушылар [[Керей хан]] мен [[Жәнібек хан]] болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.

== Жәнібек хан мен Керей ханның дипломатиясы ==

[[Жәнібек хан]] мен [[Керей хан]]ның одақтық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті [[Моғолстан]] болды. Бұл достық одақ [[1468]] ж. Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі [[Әбілхайыр хан]]ның [[Жетісу]]ға, ойраттардың ([[қалмақтар]]дың) [[Моғолстан]]ға шабуыл жасауына байланысты құрылып, 16 ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. [[1468]] ж. [[Әбілхайыр хан]] өлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген [[Жошы]] әулетінен шыққан [[Ахмет хан]]мен, [[Махмұт хан]]мен, [[Ибақ хан]]мен және т.б. одақтасты.<ref name="source2">Акимушкин О.Ф., К вопросу о внешнеполитических связях Монгольского государства с узбеками и казахами в 30-х гг. XVI в. – 60-х гг. XVIІ в.</ref>

Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған [[Сырдария]] бойындағы [[Сығанақ]], [[Сауран]], [[Отырар]], [[Ясы]] ([[Түркістан]]) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі [[Әбілхайыр хан]]ның немересі [[Мұхаммед Шайбани хан]] да қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейін [[Орта Азия]]дағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.

Дешті Қыпшақтағы және Түркістан қалалары үшін ұзаққа созылған күрес 15 ғасырдың ақырында [[Сырдария]] бойындағы бірқатар қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетінің [[Орта Азия]]ға ығысуымен аяқталды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды.<ref name="source3">Ермагамбетов М., Об источниках по истории дипломатических и международных отношений Казахстана, «Изв. АН. Каз ССР», 1948, в.1</ref>

== Қасым ханның дипломатиясы ==

== Қасым ханның дипломатиясы ==

15:56, 2013 ж. қыркүйектің 9 кезіндегі түзету

Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр), Қазақ хандығы 15 ғасырдың 60 жылдарының ортасы мен 70 жылдарының басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидің есебі бойынша 1465-66 ж.) Батыс Жетісуда құрылды.<ref name="source1">“Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІХ том</ref> Оның негізін қалаушылар Керей хан мен Жәнібек хан болды. Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды.

Қасым ханның дипломатиясы

Сурет:Kasymkhan.jpg
Қасым хан

Қазақ хандығы Қасым хан (1511-1532) тұсында күшейе түсті. Ол Жетісудағы өз иелігін едәуір ұлғайтты, Жетісудағы қазақ руларын қазақ хандығына қосып алды. Қасым хан Мәскеу мемлекетімен де дипломатиялық байланыс орнатты. Қасым ханнан кейін қазақ хандықтары әлсіреп, сыртқы саясатта да өзгерістер болды, Таһир ханның (1523-33) Шайбани әулетімен Сырдария бойындағы қалалар үшін соғысы сәтсіз аяқталды. Ноғай Ордасы маңғыттарымен соғыста да жеңіліп қалып, моғолдармен одақты нығайтудың жолын іздеді. Алайда Жетісуда өз үстемдігін қайта орнатуға тырысқан моғолдың феодал билеушілері бұған қарсы шықты. Ақыры 16 ғасырдың 30 жылдарында қазақ хандары мен моғол билеушілері арасындағы достық қатынас біржолата үзілді. Моғолстан ханы Әбд ар-Рашид хан (1533 ж. таққа отырды) Шығыс Түркістанда жайылымдық жердің жетіспеуіне байланысты болған экономикалық қиындықтардан құтылу үшін өзбектермен – шайбани әулетімен одақтасып, бұрынғы жерлері – Жетісу мен Тянь-Шаньды қайтарып алуға тырысты. Қазақтар қырғыздармен одақ құрып, Жетісу және Тянь-Шаньдағы өз иеліктерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.

16 ғасырдың 2-жартысында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Абд Рашид ханмен ұзаққа созылған соғыс, ойраттардың (қалмақтардың) Жетісудың шығысына қысымы, Ноғай ұлысы мен Сібір хандығының шабуылға әзірленуі, Мәскеу мемлекетінің 1552 ж. Қазан, 1557 ж. Астрахань хандықтарын басып алғаннан кейін қазақ даласына жақындауы – осының бәрі қазақ ханы Ақназарды (1538-80 ж. билік құрған) өзбек ханы Абдолла ІІ-мен «антасқан шарт» жасауға мәжбүр етті. Қазақ хандары Ақназар, Шығай (1580-82 ж. билік еткен), Тәуекел (1586-98 ж. билік құрған) Абдолла ІІ-ге Ташкент билеушісі Баба сұлтанның бүлігін басуға көмектесе отырып, Сырдария бойындағы қалалардағы өз жағдайларын жақсарта түсуге тырысты. 16 ғасырдың ақырында Ресеймен экономикалық және дипломатиялық байланысты нығайту қазақ хандықтарының бұл кездегі жағдайын бір шама жақсартудың маңызды факторы еді.

Тәуекел ханның дипломатиясы

Тәуекел хан 1583 ж. өзбектермен «анттасқан шартты» бұзып, Бұхараға қарсы Ресеймен саяси одақ құруға қадам жасады. 1594-95 ж. Құлмұхаммед және Вельямин Степанов басқарған елшіліктер алмасылды. Ресейдің Аболла ІІ мен Көшімге қарсы соғыста Тәуекелге көмек көрсетуі, сауда қатынасын ұлғайту, қазақ ханының Ресей азаматтығын қабылдауы жайлы келіссөздер жүргізілді. Тәуекел хан Ресейдің қолдауымен Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті сәтті аяқтады. Тәуекелдің мирасқоры Есім ханның (1598-1628 ж. билік жүргізген) 1598 ж. Бұхарамен жасасқан бітім шарты бойынша Түркістан мен Ташкент қазақ хандығына берілді.

Қазақ хандығының 17 ғасырдағы сыртқы саясаты үш бағытта жүргізілді; аштархан әулетінің қазақ билеушілерін Ташкент пен Түркістаннан ығыстыруға тырысқан әрекетіне қарсы күрес; орыс мемлекетімен қарым-қатынасты бұрыңғыдан да нығайта түсу; Жоңғар хандығының шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес.

Ал 80 жылдары Жоңғар хандарының Оңтүстік Қазақстандағы қысымы күшейді. Бұл кезеңде қазақтар мен орыстардың саяси және экономикалық байланысы жаңа сатыға көтеріле бастады. 1686-98 ж. Тәуке хан (1680-1718 ж. билік жүргізген) Сібір арқылы Ресейге бес елшілік жіберді. Жоңғарлардың шабуыл жасау қауіпі күшейе түсуіне байланысты Қазақстанның Ресей қарамағына өтуі бірінші кезекті мәселеге айналды.

Пайдаланылған әдебиет

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ хандықтарының сыртқы саясаты мен дипломатиясы (15-17 ғасыр)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}