Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:22, 2011 ж. тамыздың 4 кезіндегі Dinkaz (Талқылауы) істеген түзету

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары

XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ үлтының негізгі өмірлік сүранысын, яғни этностық аумағының бүтіндігін, шаруашы- лығы мен күнделікті түрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ак Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік қүрылымдар қамтамасыз ете алған жоқ-тын. Өйткені бүл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық түрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында түрған қазақ үлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі түрақсыз хандық биліктердің қүрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы үлттық үюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бүл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бүрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Үлттық үюға біржола бет бүрған ендігі кезеңде халықтардың түрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің түтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи үмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет түтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттенш, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің