Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Қазақ жұртының Өзбек ұлысынан бөлінуі)
(Қазақ жұртының Өзбек ұлысынан бөлінуі)
Жол нөмірі 24: Жол нөмірі 24:
  
 
Қуатты калмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Моғолстанды билеушісі Есенбұға ханды да, Алаш жұрты мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Есенбұға ханның Жәнібек пен Керейге қолдау танытып, Шу бойындағы Қозыбасыда жаңа хандықтың шаңырағын көтеруге ықылас білдіруінің бірден-бір себебін қалмақтарға тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар.
 
Қуатты калмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Моғолстанды билеушісі Есенбұға ханды да, Алаш жұрты мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Есенбұға ханның Жәнібек пен Керейге қолдау танытып, Шу бойындағы Қозыбасыда жаңа хандықтың шаңырағын көтеруге ықылас білдіруінің бірден-бір себебін қалмақтарға тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар.
 +
 +
Жәнібек пен Керей сүлтандардың Жетісуға келіп орын тебуін сол тарихи кезеңдегі халық санасындағы билік туралы ұғым-түсініктерден де бөліп қарауға болмас. Қарапайым халық күнделікті өміріндегі жағымды өзгерістерді, бетпе-бет келген қоғамдық мәселелердің дұрыс шешімін табуын ақылды да жігерлі тұлғалардың билікке келуімен байланыстырады. Халық санасында берік орныққан бұл пікір жөнінде Дулати: "Алла тағала өлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Сонда ғана адамзат зұлым-зорлықтан аман-есен болып,
 +
тіршілігін жасар болар деген. Бұл — Құдайдың хикметі", — деп жазды.

07:22, 2011 ж. тамыздың 4 кезіндегі түзету

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары

XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқ-тын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.

Біз қарастырып отырған мезгілде қазақ қоғамына байланысты мұндай міндетті мойнына алғандар — белгілі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар болды. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібекұ хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".

Яғни, 1465—1466 (1470—1471) жыядары Қазақ хандығының құрылған мезгілі. Ал оның ту көтерген жері — Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының дәстүрлі атамекені.

Қазақ жұртының Өзбек ұлысынан бөлінуі

Қазақ тарихында белгілі бір ру-тайпаның қоғамның басқа бөлігінен түрлі себептерге байланысты бөліне көшуі түрлі кезеңдерде болып тұрған. Ал бұл жолғы Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған біраз ұлттың Өзбек ұлысынан жарыла көшуі, әрине, дүрдараздықтың, билеуші Шыңғыс ұрпағы арасындағы үйреншікті тар, билік үшін таласынан анағұрлым кең ауқым алғандығын аңғартса керек.

Деректі материалдар Өзбек ұлысынан біраз жұрттың жаңа пайда болған хандыққа бет бұрып жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, екі сұлтанның Әбілхайыр хандығынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай халықтың арасындағы ықпалды топтардың ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымға бағытталған әрекеттің орын алғандығын білдіреді.

Қара халықтың билеуші топтарының Жәнібек пен Керейге ондай ұсыныспен қайырылуына түрткі боларлық себептер аз емес. Солардың негізгісі қазақ жеріне, әсіресе Жетісу мен Шу өңіріне сырттан төнген қауіп еді.

Бұл ретте, ең алдымен, қазақ елінің шығыс жағындағы көршісі жоңғарлық ойраттар жеріндегі тарихи өзгерістерді еске алуға тура келеді. XV ғасырдың ортасына қарай барлық ойрат (қалмақ) елін бір мемлекетке біріктірген Тоған тайшының ұлы Есен тайшы бүкіл батыс және шығыс монғолдардың билеушісі дөрежесін иемденген. Оның Мин империясына жасаған бір жорығы тіпті император Чжу Ци-Чжэнді тұтқындаумен аяқталады. Қытайдан алым-салық алып тұрудан қанаттанған Есен тайшының назары енді Моғолстан мен Жетісу жаққа ойысып, бұл жақ беттегі көршілерінің көңілінде үлкен алаңдаушылық туғыза бастайды.

1452 жылы Есен тайшының жасағы Моғолстанга басып кіріп, содан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып, Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент, Отырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көккесене атты жерде Әбілхайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандап жеңеді. Ойраттардыц бұл жорығы 1455 жылы, яғни Есен тайшы өлгеннен кейін аяқталады.

Қуатты калмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Моғолстанды билеушісі Есенбұға ханды да, Алаш жұрты мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Есенбұға ханның Жәнібек пен Керейге қолдау танытып, Шу бойындағы Қозыбасыда жаңа хандықтың шаңырағын көтеруге ықылас білдіруінің бірден-бір себебін қалмақтарға тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар.

Жәнібек пен Керей сүлтандардың Жетісуға келіп орын тебуін сол тарихи кезеңдегі халық санасындағы билік туралы ұғым-түсініктерден де бөліп қарауға болмас. Қарапайым халық күнделікті өміріндегі жағымды өзгерістерді, бетпе-бет келген қоғамдық мәселелердің дұрыс шешімін табуын ақылды да жігерлі тұлғалардың билікке келуімен байланыстырады. Халық санасында берік орныққан бұл пікір жөнінде Дулати: "Алла тағала өлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Сонда ғана адамзат зұлым-зорлықтан аман-есен болып, тіршілігін жасар болар деген. Бұл — Құдайдың хикметі", — деп жазды.