Қазақ хандарының шежіресі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:04, 2016 ж. шілденің 25 кезіндегі Мұхамеджан Амангелді (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Әулет Қазақ хандығында 14591847 жылдар аралығында билік жасаған әулет шежіресі.

Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханнан бастау алады. Қазақ хандарының атасы – Орыс хан. Оның аталары жөнінде тарихи әдебиетте екі жақты пікір қалыптасқан. Бірінде оны Жошы ханның 13-ұлы Тоқай Темір әулетінен таратады (“Нұсрат-Намэ”, “Муиза ал-ансаб”, “Түрік шежіресі” (Әбілғазы), “Шыңғыс-Намэ” (Өтеміс қажы), кейіннен Ш.Уәлиханов пен Ш.Құдайбердіұлы, т.б.). Осы жазба деректерге байланысты Қожа Ахмет Иасауи мазарында қойылған хандар тақтасында қазақ хандары “Тоқай Темір әулетінен” деп жазылған. Екіншісінде – Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды (Ф.Рашид-ад Дин, В.Вельяминов-Зернов, П.Савельев, Т.Сұлтанов, т.б.). Орда Ежен Жошы ұлысының сол қанатын басқарды, Жошының 5-ұлы Сыбан (Шайбани) мен Тоқай Темір сол қанаттың құрамындағы кіші отаулар болды. Батыс жорығы аяқталғаннан кейін Бату хан1241 ж. Тоқай Темірге Солт. Кавказдан үлес берді. Кейіннен Тоқай Темір әулеті Қажы Тархан (Астрахан), Кавказ, Қырым аймақтарын басқарды. Махмуд ибн Уәлидің “Бұхар ар-асрар” еңбегінде бұл әулет “Ханеан-н Тукайтимурийандықтар” деп аталып 14 ғ-дың бас кезінде отырықшы халықтарды басқарғанын және Алтын Орда құлағаннан кейін “Хан-оғландары” атанғанын жазады. Мұның бәрі қазақ хандарының Тоқай Темір әулетінен емес екенін дәлелдейді. Рашид ад-Диннің, т.б. айтуынша Орда Ежен өлгеннен кейін орнына тұңғышы Сартақтай емес, 4-ұлы Қоқыран отырған. Оның орнына Сартақтайдың ұлы Қоныш келген. Қоныштан соң тұңғышы Баян, онан соң Баянның ұлы Сасыбұқа келеді. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 5 том</ref>

Қазақ хандарының шежіресі

Үлгі:Familytree/start Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree Үлгі:Familytree/end

Дереккөздер

<references/>