Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Қазақ энциклопедиясы, 5 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ энци using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:23, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ – қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-граммататикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді. Сөздік екі рет жарық көрген: 1) екі томдық түсіндірме сөздік (1959 – 61, жалпы редакциясын басқарған – академик І. Кеңесбаев). Мұнда 18135 сөз, 3371 фразеологиялық тіркес қамтылған; 2) он томдық академиялық сөздік (1974 – 86, жалпы редакциясын басқарған – А. Ысқақов). Мұнда 66 мың 994 атау сөз, 24 мың 508 фраезологиялық тіркес қамтылған, барлығы 91 мың 502 лексикалық бірлік алынып, оларға 103 мың 708 мағыналық сипаттама берілген. Сөздердің қазақ тілінің бүгінгі қолданысында бар екендігін дәлелдеу үшін 1089 автордың 2597 кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17 оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен – барлығы 2827 жазба нұсқадан жалпы саны 250 мыңға жуық мысал-үзінділер келтірілген. Сөздерді дұрыс таңдау, оларды орфография бойынша дұрыс жазу, әрбір атау сөздің қай тілден ауысқандығын, қай сөз табына қатысты екендігін, қай стилдік тармаққа жататындығын білдіру барысында түрлі лексикогр. шартты белгілер қою және мағыналары мен мағыналық реңктерін дәл ашып, айқын түсінік беру арқылы орындалғандықтан, Қазақ тілі түсндірме сөздігі сөздерді дұрыс қолданудың анықтамалығы ретінде де маңызды рөл атқарады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Қазақ тілінің сөздіктер кешені. Кешенде ғаламтордағы қазақ тілінің онлайн түсіндірме сөздігі де орналасқан. Тораптың мекен жайы: http://lugat.kz/ Түсіндірме сөздікке тікелей сілтеме http://lugat.kz/?p=voc_kz_exp

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}