Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

08:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Қазақ Білімпаздарының тұңғыш сиезі - Қазақстан Халық ағарту комиссариатының ұйымдастыруымен 1924 жылы 12-17 маусым аралығында Орынборда өтен ғылыми жиын.

Сиез мына мәселелерді қарастыруды жоспарлаған: "1. Қазақ емлесін бірөңкейлеу. 2. Қаріп жағдайын қарастыру. 3. Халық әдебиетінің халін һәм оқылатын пәндерді жоспарлау. 4. Оқу һәм білім кітаптарын көбейту шарасын қарастыру. 5. Қазақ пән сөздері бір болу мәселесі". Сиез Орынборда ағарту қызметкерлері ұйымының үйінде өтеді. Оны Халық ағарту комиссары Нұғыман Зәлиұлы ашып, комиссардың орынбасары Молдағали Жолдыбайұлы уәкілдерді топка келген кісілермен таныстырады. Олар: Мәскеу деп Күншығыс баспасөз тарататын кіндік ұйымнан - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан мен Нәзір Төреқұлов, Бұхарадағы қазақтар атынан - Мырза Наурызбаев, Түркістаннан - Халел Досмұхаметов мен Ишанғали Арабаев, Қазақстанның аймақтық партия комитетінен - Аспандияр Кенжеев, Жалпыресейлік кәсіпшілер кеңестер ұйымының қазақ аймағы бөлімінен — Мұхтар Саматов, Орынбордағы қазақ институтынан (КИНО) - Мұхтар Мырзаев, Қазақстан халық ағарту комиссариатынан - Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омаров, Нұртаза Ералин, Нұғман Зәлиев, Молдағали Жолдыбаев, Қостанай губернелік оқу бөлімінен - Ерғали Алдоңғаров, Семей губернелік оқу бөлімінен - Мәннан Тұрғанбаев, Орал губернелік оқу бөлімінен - Нығмет Шағиев, Бөкей губернелік оқу бөлімінен - Рүстем Ағыбаев, Қазақ аймағын зерттеп, ғылым жиятын қауымнан - Міржақып Дулатов, Орынбордағы газет-журнал басқармаларынан - Рақым Сүгіров. Аталған жиын қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми жүйесі, әсіресе әліпби, орфография, терминология, оқыту әдістемесі, ономастика т.б. салалар бойынша маңызды қаулылар қабылдайды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}