Қазақ Хор Капелласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:31, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хор капелласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хор капелласы – концерттік өнер ұжымы. Капелла Мемлекеттік филармонияның жанынан 1935 жылы құрылған. Алғашында Д.Д. Мацуцин басқарған аралас хор ретінде ұйымдастырылды. 1939 жылы хор үкімет қаулысымен Қазақ Мемлекет хор капелласы болып қайта құрылды. Қазақ хор өнерінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде капелланы Б.Лебедев, Б.Орлов, Б.Байқадамов, Г.Виноградов сынды музкалық мамандары басқарды. 1959 – 91 жылы капелланың көркемдік жетек. КСРО халық арт., профессор А.Молодов болды. Капелла Қазақстан композиторларының шығармаларын орындайды. Капелланың репертуарында әлем халықтарының 20 тілінде орындалатын шығармалар бар. КСРО өнер ұжымдары байқауларының лауреаты (1968, 1970). ҚазКСР-інің еңб. сің. ұжымы атағын алған (1967).<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Абай әндері капелланың аспап сүйемелінсіз айтылатын хорына лайықталып өңделді, ақын өлеңдеріне композиторлар: Д. Д. Мацуцин «Айттым сәлем, қалам қас» (1938), Л. А. Хамиди «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1939, 1968), Қ. Қожамияров «Сегіз аяқ» (1951), В. Г. Соколов «Көзімнің қарасы» (1953), С. Мұхамеджанов «Желсіз түнде жарық ай» (1972), «Жыл мезгілдері» (кантата, 1975), Ғ. Жұбанова «Татьяна әні» ораториясында (1982)жеке әнші мен хор симф. оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1974), «Татьянаның хаты» телефильміндегі жеке әнші мен хор орындайтын «Желсіз түнде жарық ай» (1976) әндерін жазды. Абай әндері мен оның өлеңдеріне жазылған муз. шығармалар X. к-ның репертуарынан тұрақты орын алып, Москва, Ленинград, Ереван, Ташкент, Киев, Минск, Грозный, Орджоникидзе, Одесса, Севастополь қ-лары сахналарында орындалды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}