Қазақ ССР тарихы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:41, 2016 ж. қаңтардың 11 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

  1. «Қазақ КСР тарихы», екі томдық тарихи монография. 1957-59 ж. Қазақ мемлекеттік баспасы қазақ тілінде шығарған (3-басылымы). Онда Қазақстанның ерте заманнан біздің дәуірімізге дейінгі тарихы жуйелі түрде баяндалған. Жазба материалдар мен археологиялық деректер негізінде Қазақстан аум^ғындағы тарихи процестердің ерекшеліктері көрсетілген. Әуезов редакциялық алқаның мүшесі болумен бірге, медениет жөніндегі барлық тарауларды жазуға қатысқан. Атап айтқанда, 1-томының 8-тарауындағы «Қазақтың ауыз әдебиеті» (212-232-беттер), 16-тарауындағы «XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (378-382-беттер), 19-тарауындағы «Ұлы ақын-жазушы - Абай Құнанбаев» (487- 498-беттер) бөлімдерін жазған. 2-томда Әуезовтің шығармашылық жене қоғамдық қызметіне талдау жасалып, оны көрнекті жазушы ретінде бағалаған.
  2. «Қазақ КСР тарихы» («История Казахской ССР»), тарихи монография. 5 томдық. 1977-1980 ж. «Ғылым» баспасынан орыс тілінде жарық көрген. Көне заманнан біздің дәуірімізге дейінгі уақытты (20 ғасырдың 80-жылдарына дейін) қамтыған. Бас редакторы А. Нусіпбеков. Археологиялық материалдар мен жазба еңбектер негізінде Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалар мен халықтардың жалпы тарихы баяндалған. Әсіресе қазақ халқының тарихи қалыптасуы мен дамуына, мемлекет болып құрылуына көп көңіл бөлінген. Еңбектің 3-томынан бастап, Әуезовтің шығармашылық қызметіне кезең-кезеңімен баға беріліп, ірі-ірі туындыларының көркемдік-тарихи маңызы айтылған. Мысалы, «Еңлік - Кебек» пьесасы тез арада халыктың рухани қазынасына айналды десе (4-том, 494-бет), «Абай жолы» тарихи эпопеясы Әуезовтің ғана емес, сондай-ақ көп жанрлы қазақ әдебиетінің аса үздік туындысы болып табылады делінген (5-том, 339-340-беттер). Жалпы Әуезов есімі 35 жерде аталып, айтқан ой-пікірлерінен мысал келтірілген.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ ССР тарихы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}