Қазақтың 200 әні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтың 200 әнімузыкалы этнографиялық жинақ.


1972 жылы ҚазКСР ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған. Ел аузындағы музыкалық шығармаларды жинап, нотаға түсіріп, түсініктемелерін жазған Т. Бекхожина.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Жинаққа бұрын баспа бетінде жарияланбаған эпикалық жырлардан үзінділер, халқымыздың көпшілікке беймәлім тұрмыс-салт әндері мен соғыс жылдарындағы туындылар, ауыл өміріне арналған шығармалар топтастырылған. Бұл халық қазынасын 1962 – 67 жылы аралығында Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған ғылыми экспедиция тек Қазақстан аумағы ғана емес, Өзбекстанда, Ресейдің Орынбор, Астрахан облыстарында тұратын қазақтардан жазып алған. Кітаптан “Қобыланды батыр” жырының үш мақамымен, аужардың – екі, жар-жардың – бес, арыз өлеңнің – төрт, сыңсудың – сегіз, жоқтаудың – сегіз, әлди әні мен бала уатудың – алты нұсқасымен танысуға болады.

Сол сияқты жергілікті әнші-сазгерлер <ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Жинақтың екінші бөлімінде музкалық шығармалардың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері, әндерді жаздырған корреспонденттер жайлы қысқаша мағлұматтар берілген. Кітап графикалық суреттермен безендірілген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті